Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 340-бап. Басты сот талқылауының шегi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

340-бап. Басты сот талқылауының шегi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

340-бап. Басты сот талқылауының шегi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, басты сот талқылауы тек сотталушыға қатысты және оның сотқа берілген айыптау шектерінде ғана жүргiзiледi.

      2. Егер айыптауды өзгерту айыпталушының қорғалу құқығын бұзбаса, айыптауды өзгертуге жол берiледi.

      3. Егер басты сот талқылауы барысында қаралып отырған істі басқа қылмыстық іспен біріктіру, егер басқа адамдардың әрекеттері қаралып жатқан іспен байланысты болса және оларға қатысты iстi бөлек қарау мүмкiн болмаса, басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту қажеттігі туындаса, сот айыптаушы тараптың өтiнiшхаты бойынша, процестiң басқа қатысушыларының пiкiрiн ескере отырып, істі қарауда үзіліс жасайды және осы Кодекстің 321-бабында көзделген тәртіппен алдын ала тыңдауды өткiзеді.

      4. Алдын ала тыңдауда қарастырылып жатқан қылмыстық істі жаңадан келіп түскен іспен біріктірген кезде сот прокурорға жаңа айыптау актісін, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын жасау үшін уақыт береді.

      5. Егер басты сот талқылауы барысында сотталушыға неғұрлым ауыр немесе бастапқыдан ерекшеленетін айыптау тағу қажеттігі туындаса, сот істі қарауды кейінге қалдырып, прокурорға жаңа айыптау актісін, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасын, айыптау хаттамасын жасау үшін уақыт береді.

      6. Біріктірілген іс бойынша сот ісін жүргізу осы Кодекстің 7-бөлімінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Сот жаңа айыптау актісі, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, айыптау хаттамасы жасалғанға дейін зерттеген дәлелдемелерді қайтадан зерттеу сот осындай қажеттілік бар деп таныған жағдайда жүзеге асырылады.

 

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

426-бап. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

426-бап. Істі апелляциялық сатыда қараудың шектері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот үкімнің, сот қаулыс...

Толық оқу »

546-бап. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін қолдану шегі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

546-бап. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін қолдану шегі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-про...

Толық оқу »

582-бап. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адамның қылмыстық жауаптылығының шегі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

582-бап. Ұстап берілген (экстрадицияланған) адамның қылмыстық жауаптылығының шегі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Шет мемлекет ұстап берген (эк...

Толық оқу »

340-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің бас сот талқылауының шектері

340-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің бас сот талқылауының шектеріБас сот талқылауы осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қосп...

Толық оқу »

426-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің апелляциялық сатысында істі қарау шектері

426-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің апелляциялық сатысында істі қарау шектері1 істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот үкімнің, қаул...

Толық оқу »

469-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің ісін жаңа қарау кезінде жаза тағайындау шектері

469-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің ісін жаңа қарау кезінде жаза тағайындау шектеріЕгер бірінші апелляциялық үкім, қаулы сотталған...

Толық оқу »