Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 35-бап. Адвокаттық қызметтiң кепiлдiктерi Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы

35-бап. Адвокаттық қызметтiң кепiлдiктерi Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

35-бап. Адвокаттық қызметтiң кепiлдiктерi Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы  

       1. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа ретте, адвокаттың құқықтары шектелуге жатпайды. Заңды адвокаттық қызметке араласу не кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.  

      2. Адвокатты ол заң көмегiн көрсетiп отырған тұлғамен теңдестiруге тыйым салынады. 

      3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мыналарға: 

       адвокат өзінің кәсіптік міндеттерін жүзеге асырған кезде өзіне мәлім болған мән-жайлар туралы одан куә ретінде жауап алуға;  

      адвокаттан, оның көмекшісінен, оның тағылымдамадан өтушісінен, адвокатпен, заң консультациясымен, адвокаттық кеңсемен еңбек қатынастарында тұрған тұлғадан, адвокаттар алқасы төралқасының басшылары мен жұмыскерлерiнен, сондай-ақ өзінің адвокаттық қызметпен айналысу құқығы тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған адамнан заң көмегiн көрсетуге байланысты мәлiметтерді, материалдарды талап етіп алдыруға немесе талап етуге немесе оларды адвокаттың және оның клиентінің келісуінсіз, басқа тәсілмен алуға әрекеттенуге тыйым салынады. 

      4. Мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар адвокатқа өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығудың құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайларда, осындай жолығулар беруден бас тартуға, сондай-ақ олардың саны мен ұзақтығын шектеуге құқылы емес. 

      5. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа ретте, адвокаттық іс қағаздарын жүргізу, онымен байланысты өзге де материалдар мен құжаттар, сондай-ақ адвокаттың мүлкі, оның ішінде ұялы байланыс құралдары, аудиоаппаратурасы, компьютерлік техникасы жете тексерілуге, қарап-тексерілуге, алынуға, алып қойылуға және тексерілуге жатпайды. 

      6. Адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде адвокаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқығына заңда белгіленген тәртіппен кепілдік беріледі. 

      7. Қылмыстық қудалау органдары, олардың лауазымды адамдары процестік заңда көзделген жағдайларда, адвокатты оның тергеу және өзге де процестік әрекеттерге адвокатпен келiсiлген мерзiмде қатысуы қажет екені туралы хабардар етуге мiндеттi. 

      8. Мемлекеттiк органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және заңды тұлғалар адвокаттың заң көмегiн көрсетуiне байланысты сұрау салуына он жұмыс күні ішінде жазбаша жауап беруге мiндеттi. 

      Егер ақпарат қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа жатқызылған жағдайда, адвокатқа сұратылып отырған мәліметтерді беруден бас тартылуы мүмкін. 

      9. Адвокаттың қабылданған тапсырманы орындау кезінде сотта процестік заңнамада белгіленген тәртіппен адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті компьютерлерді, смартфондар мен өзге де техникалық құралдарды пайдалануға құқығы бар. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы