35-бап. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Қазақстан Республикасының жиырма бір жасқа толған азаматы қоғамдық байқау комиссиясының мүшесі бола алады.
2. Мыналар:
1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікті немесе айыпталушы;
3) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың жұмыскерлері;
5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұрған адамдар;
6) жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда ұсталатын сотталғандардың жұбайы (зайыбы), жақын туыстары қоғамдық байқау комиссиясының мүшелері бола алмайды.
3. Қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9) – 12) тармақтары және 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, терiс себептер бойынша мемлекеттiк немесе әскери қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттiк органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған, адвокаттық қызметпен айналысуға берiлген лицензиядан айырылған адамдар да қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi бола алмайды.
4. Нақ бір адам бір мезгілде бірнеше қоғамдық байқау комиссиясының мүшесі бола алмайды.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы