35-бап. Республиканың экс-Президенттерiн қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы
1. Республиканың экс-Президентiн қамтамасыз ету, оған қызмет көрсету және оны күзету мемлекет есебiнен жүзеге асырылады.
2. Республиканың экс-Президентiне өмiр бойы:
1) Республика Президентiнiң шешiмiмен Республика Президентi лауазымдық жалақысының сексен процентi мөлшерiнде зейнетақы тағайындалады. Бұл ретте Республика экс-Президентiнiң осы Конституциялық заңның шарттарымен белгiленген зейнетақысы Республика Президентiнiң лауазымдық жалақысының өсуi ескерiлiп, арттырылып отырады;
2) қажеттi қызмет көрсетiлетiн пәтер мен мемлекеттiк саяжай, жеке күзет, жүргiзушiсiмен дербес автомобиль берiлiп, ел iшiнде тегiн жүрiп-тұру, тегiн медициналық, санаторий-курорттық емдеу қызметi көрсетiледi;
3) алып тасталды - ҚР 06.05.1999 № 378 Конституциялық заңымен.
2-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке мұрағаты мен жеке кітапханасының материалдары Республика Президенті ретіндегі қызметтік жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экс-Президентінің меншігінде болады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық заңы.
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiн, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы