353-бапқа түсініктемелер. Соттың Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін қайта құрылымдау жоспарын бекітуі
Кредиторлар қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарын мақұлдағаннан кейін қаржы ұйымы қайта құрылымдау жоспарын соттың бекітуіне ұсынуға міндетті. Қаржы ұйымы қайта құрылымдау жоспарымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қаржы ұйымын қайта құрылымдау жоспарын мақұлдау туралы қаржы ұйымының кредиторлар жиналысының хаттамасын сотқа ұсынады.
Қаржы ұйымы:
- қайта құрылымдау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде депозиторларды, кредиторларды және өзге де клиенттерді тиісті хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялау арқылы қайта құрылымдау туралы хабардар етеді;
-қайта құрылымдау туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмелерін оны алған күннен кейінгі күннен кешіктірілмейтін мерзімде корреспондент-банктерге жібереді; - банкті қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап құқылы:
1) банктің мүлкін сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттарын немесе иеліктен шығару туралы өзге де мәмілелерді орындауды тоқтата тұруға, кредиттік тәуекелі бар қарыздар мен қаржыландырудың басқа да түрлерін беру туралы шарттар жасасуға;
2) банк міндеттемелерін толық немесе ішінара орындауды тоқтата тұруға міндетті. Қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімінде көзделген мерзімдерде қаржы ұйымы олармен келіссөздер жүргізу және қайта құрылымдау жоспарының мақұлдауын алу мақсатында міндеттемелерін қайта құрылымдау көзделетін банк кредиторларының жиналысын шақырады.
Қайта құрылымдау жоспарын мақұлдау үшін кредиторлардың келісімі талап етіледі, олардың үлесіне банктің кредиторлар алдындағы міндеттемелері көлемінің кемінде үштен екісі тиесілі, олардың алдындағы міндеттемелерді қайта құрылымдау көзделеді.
Банкті қайта құрылымдау Банктің кредиторлары қайта құрылымдау жоспарын мақұлдаған жағдайда, қайта құрылымдау жоспарына сәйкес қайта құрылымдау болжанатын кредиторлар алдындағы банктің барлық міндеттемелеріне қатысты жүргізіледі.
Банк кредиторлар қайта құрылымдау жоспарын мақұлдаған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлар мақұлдаған қайта құрылымдау жоспарын уәкілетті органға жібереді не банк кредиторларының мақұлдауын алмаған жағдайда банкті қайта құрылымдауды жүргізудің мүмкін остігі туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
Егер қайта құрылымдау жоспарының шарттары банк бұрын уәкілетті органға жіберген қайта құрылымдау жоспары жобасының шарттарынан өзгеше болған жағдайда, уәкілетті орган қайта құрылымдау жоспарын пысықтауды талап етуге құқылы. Банк уәкілетті органның ескертулері мен ұсыныстарын ескеруге және уәкілетті органға банктің кредиторлары мақұлдаған пысықталған қайта құрылымдау жоспарын қайта ұсынуға міндетті.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" заңда көзделген талаптар орындалғаннан кейін қаржы ұйымы сотқа қайта құрылымдау жоспарын бекітуге ұсынады.
Қайта құрылымдау жоспары мынадай ақпаратты қамтуы тиіс: қайта құрылымдауды жүргізу тәртібі мен мерзімдері; қайта құрылымдалатын активтер мен міндеттемелердің тізбесі; қайта құрылымдау шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар; активтер мен міндеттемелерді қайта құрылымдаудан болжамды қаржылық нәтижелер; қызметте қабылданатын шектеулер.
Банк конгломератының қатысушысы болып табылатын банкті қайта құрылымдау жоспары көрсетілген ақпараттан басқа, банкті қайта құрылымдаудан банк конгломератының басқа қатысушыларына әсер етудің болжамды нәтижелерін қамтуға тиіс.
Қайта құрылымдау жоспарын бекіту туралы өтініш жаңа іс қозғаусыз қайта құрылымдау туралы іс шеңберінде сот отырысында қаралады.
Қарау нәтижелері бойынша қайта құрылымдау жоспарын бекіту туралы немесе қайта құрылымдау жоспарын бекітуден бас тарту туралы ұйғарым нысанында сот актісі шығарылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫ
Астана, 2016 жыл
УДК 347 (574)
К 63
ISBN 978-601-236-042-4
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы