Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 36-бап. Жекелеген қызмет түрлерін лицензиялаудың ерекше шарттары Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы

36-бап. Жекелеген қызмет түрлерін лицензиялаудың ерекше шарттары Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

36-бап. Жекелеген қызмет түрлерін лицензиялаудың ерекше шарттары Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы 

      1. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензияларды және (немесе) лицензияларға қосымшаларды беру, қайта ресімдеу, беруден бас тарту, олардың қолданысын тоқтата тұру, тоқтату тәртібін, мерзімдері мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. 

       2. Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру шарттары мен тәртібі "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады. 

      3. Алып тасталды - ҚР 07.04.2016 № 487-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

       4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия берудің ерекше шарттары "Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінде айқындалады. 

       Лицензияға қосымшада лицензия берудің ерекше шарттары ретінде "Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиат санаты көрсетіледі. 

      5. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің ерекше шарттары "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады. 

      Лицензияға қосымшада лицензияны берудің ерекше шарттары ретінде лицензиат жұмыс жүргізетін аспаптар, қондырғылар, материалдар, заттар, қалдықтар түрі көрсетіледі. 

      6. Жолаушыларды автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия (немесе) лицензияға қосымша берудің ерекше шарттары "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады. 

      Лицензияға қосымшада лицензия берудің ерекше шарттары ретінде лицензиат жолаушылар мен багаж тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралының маркасы, шығарылған жылы және мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетіледі. 

       7. Білім беру саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің және қайта ресімдеудің ерекше шарттары "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады. 

      Лицензияға қосымшада лицензия берудің ерекше шарттары ретінде қолданылу мерзімі көрсетіледі. 

       8. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудің және қайта ресімдеудің, сондай-ақ лицензияның қолданысын тоқтата тұрудың ерекше шарттары "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ. 

      Осы Заң жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге және іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы