364-бап. Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
1. Ортақ су пайдалану қағидаларын:
1) тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу;
2) жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдаланудағы су объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеу түрінде жасалған бұзушылық –
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он жеті, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы