37-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тараптардың келісімшартқа толықтыру жасауы арқылы жүргізіледі.
2. Келісімшартқа толықтыру мынадай жағдайларда:
1) жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер:
жеке тұлғалар үшін – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), азаматтығы;
заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген;
2) құзыретті орган туралы мәліметтер өзгерген;
3) жер қойнауын пайдалану құқығы және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес ауысқан;
4) өндіру учаскесі (учаскелері) және дайындық кезеңі (дайындық кезеңдері) бекітіліп берілген;
5) өндіру учаскесін (учаскелерін) және кезеңін (кезеңдерін) немесе өндіру кезеңін (кезеңдерін) бекіткен;
6) барлау немесе өндіру кезеңі (кезеңдері) ұзартылған;
7) жер қойнауы учаскесі (учаскелері) ұлғайтылған немесе азайтылған;
8) жер қойнауы учаскесі (учаскелері) бөліп шығарылған;
8-1) осы Кодекстің 153-1-бабына сәйкес сарқылып жатқан кен орындары бойынша инвестициялық міндеттемелер туындаған;
9) стратегиялық жер қойнауы учаскелеріне қатысты – ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделері өзгертілген;
10) келісімшарт талаптары оның күрделі жоба бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа жатқызылуына байланысты өзгертілген;
11) келісімшарт талаптары барлау нәтижелері бойынша күрделі жоба мәртебесінің расталмауына байланысты өзгертілген;
12) осы Кодекстің 36-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда жасалады.
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда келісімшартқа толықтыру жасасу жер қойнауын пайдаланушының өтініші бойынша жүргізіледі, ол:
1) жер қойнауын пайдаланушының тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), атауын;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты тіркеу нөмірі мен күнін;
3) жер қойнауын пайдаланушы туралы өзгертілетін мәліметке нұсқауды қамтуға тиіс.
4. Өтінішке қосымша түрде мыналар қоса беріледі:
1) жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметке өзгерістер енгізу қажеттілігін растайтын құжаттар;
2) жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметке өзгерістер енгізуді көздейтін жер қойнауын пайдаланушы қол қойған келісімшартқа толықтыру.
5. Өтініш құзыретті органға келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша құзыретті орган өтініш иесімен келісімшартқа толықтыру жасасады және өтініш иесіне оның қол қойылған бір данасын жібереді немесе толықтыру жасасудан бас тартады.
6. Құзыретті орган, егер өтініш осы Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, толықтыру жасасудан бас тартады.
Құзыретті органның толықтыру жасасудан бас тартуы жер қойнауын пайдаланушыны қайта өтініш беру құқығынан айырмайды.
7. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда келісімшартқа толықтыру жасау құзыретті органның бастамасы бойынша жүргізіледі.
8. Осы баптың 2) тармағының 3) – 12) тармақшаларында көзделген жағдайларда келісімшартқа толықтыру жасау осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы