378-бап. Жергілікті жерді және үй-жайды қарап-тексеру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Сот жергілікті жерді және үй-жайды қарап-тексеруді – тараптардың қатысуымен, ал қажет болғанда, куәлардың, сарапшының, маманның қатысуымен де жүргiзедi.
2. Қарап-тексерілетін жерге келген соң төрағалық етушi сот отырысының жалғасатындығы туралы жариялайды және сот қарап-тексеруге кiрiседi. Бұл ретте сотталушыға, жәбiрленушiге, куәларға, сарапшы мен маманға қарап-тексеруге байланысты сұрақтар қойылуы мүмкiн.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы