Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 379-бапқа түсініктеме. Тану үшін ұсыну, куәландыру , жергілікті жерде айғақтарды тексеру және нақтылау, эксперимент жүргізу, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің үлгілерін алу

379-бапқа түсініктеме. Тану үшін ұсыну, куәландыру , жергілікті жерде айғақтарды тексеру және нақтылау, эксперимент жүргізу, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің үлгілерін алу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

379-бапқа түсініктеме. Тану үшін ұсыну, куәландыру , жергілікті жерде айғақтарды тексеру және нақтылау, эксперимент жүргізу, Қазақстан Республикасы қылмыстық пероцестік кодексінің үлгілерін алу

 

Тану үшін ұсыну, куәландыру, жергілікті жерде айғақтарды тексеру және нақтылау, эксперимент жүргізу, үлгілерді алу тараптардың қатысуымен осы Кодекстің 223, 229, 257 және 258-баптарында және 34-тарауында көзделген қағидаларды сақтай отырып, сот қаулысы бойынша сот талқылауында жүргізіледі.

Егер істің мән-жайлары бойынша бұл қажет болса, тану үшін ұсыну, куәландыру, эксперимент, үлгілерді алу жабық сот отырысында жүргізілуі мүмкін.

Куәландырылушының жалаңаштануымен сүйемелденетін куәландыруды жеке үй-жайда куәландыру актісін жасайтын және оған қол қоятын дәрігер немесе өзге маман жүргізеді. Осыдан кейін аталған адамдар сот отырысы залына қайтарылады, онда олар тараптардың және куәландырылған адамның қатысуымен куәландырылған адамның денесіндегі іздер мен белгілер туралы сотқа хабарлайды, егер олар табылса, Тараптар мен судьялардың сұрақтарына жауап береді. Куәландыру актісі іске қоса тіркеледі.

 

Бапта көрсетілген барлық іс-әрекеттер тараптардың өтініші бойынша не соттың бастамасы бойынша жүргізіледі, ол туралы қабылданған шешімнің негіздемесі қамтылған қаулы шығарылады.

Куәландыру, тану, тексеру және жергілікті жерде айғақтарды нақтылау, эксперимент жүргізу, үлгіні алу негіздері жер бедерін және үй-жайларды тексеру кезіндегідей. (378-бапқа түсініктеме қараңыз)

Көрсетілген әрекеттерді жүргізу тәртібі осы Кодекстің 223, 229, 257 және 258-баптарында, сондай-ақ 34-тарауында баяндалған (көрсетілген баптарға түсініктемені қарау)

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне түсініктемесі

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы