Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 38-бап. Цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

38-бап. Цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

38-бап. Цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 

      1. Цифрлық объектілердің меншік иелері және (немесе) иегерлері осындай цифрлық объектілерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында және шарттың талаптарында көзделген меншік құқығына немесе өзге де құқықтарға ие болады.  

      2. Цифрлық объектінің меншік иесі және (немесе) иегері: 

      1) дербес деректер мен құпия ақпаратты қорғау жөніндегі талаптарды қоса алғанда, үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға; 

      2) цифрлық деректер мен цифрлық объектілерге заңсыз қол жеткізуді, көшіруді, өзгертуді немесе алып тастауды болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға; 

      3) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттерді орындауға міндетті. 

      3. Цифрлық объектілерге құқықтарды беру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, осы Кодексте және шарттың талаптарында көзделген негіздерде және тәртіппен жүзеге асырылады. 

      4. Цифрлық объектінің меншік иесі және (немесе) иегері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және шектерде цифрлық объектіні құру, пайдалану немесе оған билік ету кезінде оның заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан келтірілген зиян үшін жауапты болады.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII ҚРЗ 

 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы