383-бап. Жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін кіріс Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін кіріс мынадай жылжымайтын мүлікті:
1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін олар меншік құқығында меншік құқығын тіркеу күнінен бастап екі жылдан аз болатын жағдайда;
2) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, гараж, орынтұрақ орындары болып табылатын Қазақстан Республикасындағы жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін олар меншік құқығында меншік құқығын тіркеу күнінен бастап екі жылдан аз болатын жағдайда;
3) осы Кодекстің 382-бабының 5 және 6-тармақтарында көрсетілгеннен басқа, Қазақстан Республикасында орналасқан өзге де жылжымайтын мүлікті меншік құқығында болу мерзіміне қарамастан;
4) құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жатқызылатын Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан жылжымайтын мүлікті меншік құқығында болу мерзіміне қарамастан өткізу, заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде пайда болады.
Осы баптың мақсаттары үшін әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, "өзен-теңізде" жүзетін кемелер, ғарыш объектілері, магистральдық құбырлар жылжымайтын мүлікке жатпайды.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген, ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншік құқығында болатын мүлік бойынша меншік құқығында болу кезеңі мынадай:
неке бұзылған жағдайда сыйға тартылған;
ерлі-зайыптылардың біреуінің құқықтары мұраға қалдырылған жағдайларда осындай мүлікке ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншік құқығын тіркеу күнінен бастап оны өткізу (беру) күніне дейін айқындалады.
2. Мыналар:
1) өткізу кезінде – өткізу бағасы (құны) мен оның бастапқы құны арасындағы оң айырма;
2) мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – жарғылық капиталға салым ретінде берілген құн, бірақ төлем шотына осындай мүлік берілген сомадан аспайтын құн мен оның бастапқы құны арасындағы оң айырма жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады. Бұл ретте жарғылық капиталға салым ретiнде берiлген мүлiктiң құны осындай мүлiктiң қабылданғанын және берiлгенiн растайтын құжаттың негiзiнде айқындалады.
3. Егер осы баптың 4 – 6-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, құжатпен расталған:
1) осы объектіні сатып алу бағасы (құны);
2) сатып алу күнінен бастап оны өткізу (беру) күніне дейінгі кезеңде функционалдық және (немесе) нысаналы мақсаты өзгергеннен кейін өткізілетін (берілетін) жылжымайтын мүлік объектісін (объектілерін) сатып алу бағасы (құны) жылжымайтын мүлік объектісінің бастапқы құны болып табылады.
4. Өткізудің, жарғылық капиталға берудің мынадай жағдайларында:
1) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлға өзі салған ғимаратты (оның бір бөлігін) өткізген (берген) жағдайда – ғимаратты (оның бір бөлігін) салу үшін жер учаскесін сатып алу бағасы (құны);
2) жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында өзі салған жеке тұрғын үйді өткізген (берген) жағдайда – меншік құқығы туындаған күнге мүліктің нарықтық құны;
3) сатып алу бағасы (құны) жоқ және заңдастырғаны үшін алым төлеу жөніндегі міндеттеме орындалған, "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" және "Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен заңдастырған тұлға осы мүлікті өткізген (берген) жағдайларда – өткізілетін мүлікті заңдастырғаны үшін алымды есептеу үшін теңгемен айқындалған құн;
4) жеке тұлғада Қазақстан Республикасында сатып алынған мүлік бойынша оны сатып алу бағасы (құны) туралы құжатпен расталған мәліметтер болмаған басқа жағдайларда – бағалау және (немесе) кадастрлық құны;
5) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жолымен сатып алынған жылжымайтын мүлік өткізілген (берілген) жағдайда – Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы;
6) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті талап ету құқығын басқаға беру нәтижесінде сатып алынған жылжымайтын мүлікті өткізген (берген) жағдайда – жеке тұлға Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті талап ету құқығын сатып алған құн;
7) өтеусіз алынған мүлікті өткізген (берген) жағдайда – осы баптың 5-тармағына сәйкес айқындалатын құн;
8) акционер (қатысушы, құрылтайшы) заңды тұлға таратылған немесе жарғылық капитал азайтылған, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған, эмитент-заңды тұлға осы эмитент шығарған акцияларды акционерден сатып алған кезде мүлікті бөлу нәтижесінде активтерді алған жағдайда – акционер, қатысушы, құрылтайшы мүлікті бөлу кезінде алған, оның ішінде осындай активтің қабылданғанын және берілгенін растайтын және тараптардың қолтаңбаларымен куәландырылған құжатта көрсетілген, бұрын енгізілгеннің орнына алынған мүліктің құны;
9) мүлік бұрын танылған кірісті төлеу ретінде алынған жағдайда – салық агентінен алынған немесе Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі көздерден алынған және кәсіпкерлік қызмет жөніндегі декларацияда немесе кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген осындай кірістің сомасы;
10) жылжымайтын мүлік кіріс алумен байланысы болмай пайда болған дебиторлық берешекті өтеу есебіне алынған жағдайда – өтеу есебіне жылжымайтын мүлік алынған дебиторлық берешек сомасы жылжымайтын мүліктің бастапқы құны болып табылады.
5. Мыналар өтеусіз алынған мүліктің бастапқы құны болып табылады:
1) өтеусіз алынған мүліктің құны дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне немесе жеке тұлғаның салық салынатын кірісіне енгізілген жағдайда – өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріске бұрын енгізілген құн;
2) мұрагерлік, қайырымдылық көмек түрінде алынған мүлік өткізілген (берілген) жағдайда – нарықтық құн;
3) жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі болып табылатын мүлік өткізілген (берілген) жағдайда – бағалау құны;
4) жер учаскесі өткізілген (берілген) жағдайда – кадастрлық (бағалау) құны;
5) барлық басқа жағдайларда – нөлдік құн.
Өтеусіз алынған мүліктің бастапқы құнын айқындау осы тармақтың тармақшаларының орналасу тәртібіндегі реттілікпен жүзеге асырылады.
6. Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында орналасқан жылжымайтын мүліктің бастапқы құны нөлге тең.
7. Осы баптың 3 – 6-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүліктің бастапқы құнын айқындау үшін қолданылмайтын жағдайда бастапқы құн нөлге тең болып қабылданады.
8. Жылжымайтын мүлік объектісінің бір бөлігін өткізу (беру) кезінде оның бастапқы құны объектінің жалпы алаңындағы объектінің өткізілетін (берілетін) бөлігінің ауданына пропорционалды түрде айқындалады.
9. Осы баптың мақсатында:
1) егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, оған меншік құқығы туындаған күнге өткізілетін (берілетін) мүліктің нарықтық құны нарықтық құн болып табылады.
Мұрагерлік түрінде алынған, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде орналасқан мүліктің нарықтық құны осындай мүлік орналасқан сол бір мемлекеттің заңнамасына сәйкес тәуелсіз бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау нәтижелері туралы есепте немесе өзге де құжатта айқындалған, оған меншік құқығы туындаған күнге өткізілетін (берілетін) мүліктің нарықтық құны болып табылады.
Бұл ретте нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік өткізілген (берілген) салықтық кезең үшін кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс;
2) өткізілген (берілген) мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына Мемлекеттік корпорацияның мүлік салығын есептеу үшін айқындалған мүліктің құны бағалау құны болып табылады;
3) мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін Мемлекеттік корпорация айқындаған ең соңғы күндердің біріне:
жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күнге;
жер учаскесіне меншік құқығы туындаған күннің алдындағы соңғы күнге келетін кадастрлық құн (бағалау құны) кадастрлық құн (бағалау құны) болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
383-бап. Айналымның мөлшерiн түзету Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымның мөлшері осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір жаққа өзгерген кезде, ол жасалған күннен кейін айналымның мөлшері тиісті түрде түзетіледі.
2. Мынадай:
1) тауарды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып әкелуді қоспағанда, бұрын экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген тауар толық немесе iшiнара қайтарылған;
2) мәміленің шарттары өзгерген;
3) өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшiн баға, өтемақы өзгерген жағдайларда түзету жүргізіледі. Осы тармақшаның ережесі шарттың талаптарын негізге ала отырып, оның ішінде коэффициентті (индексті) қолдануға байланысты, өткiзiлген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің төлеуге жататын құны өзгерген кезде де қолданылады;
4) бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалған;
5) осы Кодекстің 372-бабы 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес өткізу бойынша айналымға енгізілген ыдыс қайтарылған;
6) нәтижесінде айналым мөлшерінің өзгеруі болатын өзге де жағдайлар басталған жағдайларда түзету жүргізіледі.
3. Осы баптың ережелері қателерді түзету нәтижесінде салық салынатын (салынбайтын) айналымның мөлшері өзгерген жағдайда қолданылмайды.
4. Салық төлеуші айналымының мөлшерін түзету солардың негізінде салық салынатын (салынбайтын) айналымның мөлшері өзгертілетін құжаттар болған кезде жүргізіледі.
5. Салық салынатын (салынбайтын) айналымның мөлшерін түзету сомасы осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайлар басталатын күнге тура келетін салықтық кезеңнің салық салынатын (салынбайтын) айналымына енгізіледі. Мұндай күн түзету сомасына айналымды жасау күні болып табылады.
6. Салық салынатын (салынбайтын) айналымның мөлшерін азайту жағына қарай түзету тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу бойынша бұрын көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналымның мөлшерінен аспауға тиіс.
7. Салық салынатын айналымның мөлшерін ұлғайту жағына қарай түзету кезінде осындай айналым бойынша қосылған құн салығының сомасы осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайлар басталатын күнге қолданыста болатын мөлшерлеме бойынша айқындалады.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы