Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 39-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі техникалық нормалау жүйесі Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

39-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі техникалық нормалау жүйесі Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

39-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі техникалық нормалау жүйесі Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі техникалық нормалау жүйесі мемлекеттік нормативтік құжаттардың жиынтығын білдіреді. 

      2. Осы Кодекстің 7-бабында айқындалған, Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы құқықтар мен міндеттер берілген тұлғалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі техникалық нормалау субъектілері болып табылады. 

      3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі техникалық нормалау объектілері мыналар: 

      1) қоныстандыру жүйелері, елді мекендер және олардың құрамдас бөліктері; 

      2) құрылыс объектілері, олардың жеке бөліктері мен үй-жайлары, сәулет объектілері, жобалау, салу, реконструкциялау, реновациялау, реставрациялау, техникалық қайта жарақтандыру, кеңейту, жөндеу және пайдалану процестері; 

      3) қала құрылысы, сәулет-құрылыс құжаттамасы және өзге де жобалау-сметалық құжаттама; 

      4) құрылыс объектілерінің инженерлік жабдығы; 

      5) құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары болып табылады.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы