4-2-бап. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің мазмұны Нотариат туралы Заңы
1. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйе:
1) нотариаттық әрекеттердің электрондық тізілімінен;
2) мұрагерлік істер тізілімінен;
3) өсиеттерді есепке алу тізілімінен;
4) нотариаттық цифрлық архивтен тұрады.
Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйеде нотариаттық қызметке қатысты өзге де мәліметтер, оның ішінде цифрлық, қосалқы, анықтамалық-талдамалық сипаттағы мәліметтер қамтылады.
2. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің тізілімдерін жүргізу тәртібін уәкілетті орган цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
3. Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің осы Заңда көзделген тізілімдерінің жұмыс істеуі туралы есептілікті ұсыну нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155-I Заңы.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 343-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы