Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 4-3-бап. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының  операторы Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

4-3-бап. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының  операторы Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-3-бап. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының  операторы Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заңы 

      1. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. 

      Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: 

      1) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының құрауыштарын айқындайды; 

      2) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы құрауыштарының жұмыс істеу және оларды басқару қағидаларын, ерекшеліктерін бекітеді; 

      3) қатысушылардың ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымына қатысу және олардың құрауыштарымен өзара іс-қимыл жасау шарттарын айқындайды, сондай-ақ ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымына қатысушылардың оларды сақтауын қамтамасыз етеді; 

      4) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының құрауыштарына қатысты ақпараттық қауіпсіздік шараларын іске асырады; 

      5) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының құрауыштары шеңберінде қатысушылар арасында ақпарат алмасуды ұйымдастырады; 

      6) ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымына қатысушылармен шарттар жасасады; 

      7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде және ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымына қатысушылармен жасалған шарттарда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының жекелеген құрауыштары операторының функцияларын орындауды ұлттық банкаралық орталыққа жүктеуге құқылы. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында төлем жүйелерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және оларды қадағалау (оверсайт), төлем қызметтері нарығын реттеу және оларды бақылау, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы