4-бап. Конституциялық Соттың Төрағасы, Төрағасының орынбасары және судьялары Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы
1. Конституциялық Соттың Төрағасы, Төрағасының орынбасары және судьялары жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар болып табылады, олардың мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда айқындалады.
2. Конституциялық Сот судьясының лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, өзге де ақы төленетін лауазымдармен айналысумен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды.
Конституциялық Соттың Төрағасы мен судьялары саяси партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс.
Егер Конституциялық Соттың судьясы лауазымға тағайындалған кезінде саяси партияда, кәсіптік одақтарда болса, тағайындалған күнінен бастап он күн ішінде олардағы өз мүшелігін тоқтатуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 153-VII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы