Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің негізгі қағидаттары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

4-бап. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің негізгі қағидаттары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің негізгі қағидаттары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:

      1) біртұтастық қағидаты – Қазақстан Республикасындағы бюджет процесінің бірыңғай рәсімдері мен техникалық шешімдерін пайдалана отырып, бюджет жүйесін ұйымдастыру мен оның жұмыс істеуінің бірыңғай қағидаттарын қолдану;

      2) мемлекеттік қаржының орнықтылық қағидаты – мемлекеттің ұзақ мерзімді және орта мерзімді кезеңдердегі міндеттемелерін ескере отырып, оның міндеттері мен функцияларының іске асырылуын қаржыландыруды қамтамасыз ететін бюджет саясатын қалыптастыру;

      3) толымдылық қағидаты – бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық тиісті түсімдер мен шығыстардың толық көрсетілуі және есепке алынуы, бюджет қаражатын, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талап ету құқықтарының басқаға берілуін пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу;

      4) негізділік қағидаты – бюджет жобасына қандай да бір түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттілігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер мен басқа да құжаттар негізінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштеріне сәйкес бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын және мемлекеттің активтерін жоспарлау және пайдалану;

      5) дәйектілік қағидаты – мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешімдерді сақтауы, бюджеттік құжаттамада соңғы үш есепті қаржы жылындағы және жоспарлы кезеңге бекітілген (нақтыланған) бюджетте көзделген үш жылға мәліметтерді көрсету;

      6) тиімділік қағидаты – мемлекеттік функцияларды іске асыруды және бюджет қаражатының көлемі аз кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ете отырып, шығыстар мен нәтижелер арасындағы оңтайлы арақатынасқа қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджет процесін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын жоспарлау мен пайдалануды жүзеге асыру;

      7) нәтижелілік қағидаты – бюджетті жоспарлау және атқару, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану, мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларында немесе іс-шаралар жоспарларында немесе бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарланған әкімшілік және басқарушылық шешімдер қабылдау;

      8) бюджеттің дербестігі қағидаты – осы Кодекске сәйкес әртүрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу және оларды жұмсау бағыттарын айқындау, осы Кодекске сәйкес мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және жергілікті бюджеттердің бюджет қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджеттерге алып қоюға жол берілмеуі, төмен тұрған бюджеттерге тиісті өтеусіз қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуі;

      9) кассаның біртұтастығы қағидаты – бюджетке түсетін барлық түсімді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жатқызу және көзделген барлық шығысты бірыңғай қазынашылық шоттан ұлттық валютамен жүзеге асыру;

      10) транспаренттілік қағидаты – мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бюджет процесінің қоғам үшін ашықтығы мен қолжетімділігі, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік қаржы туралы мәліметтердің, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттердің және осы Кодексте айқындалған басқа да құжаттардың міндетті түрде жариялануы. 

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Кодексі. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің қабылдануымен. 

4-бап. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді: 

      1) бірыңғайлық қағидаты – Қазақстан Республикасында бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс істеуінің бірыңғайлық қағидаттарын қолдану, бірыңғай бюджет сыныптамасын, бюджет процесінің бірыңғай рәсімдері мен техникалық шешімдерін пайдалану; 

      2) толымдылық принципі - бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер мен шығыстардың көрсетілуі, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берілуі сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу; 

      3) реалистік қағидаты – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарының, ұлттық жобалардың, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының бекітілген (нақтыланған, түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі; 

      4) транспаренттілік қағидаты – мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, азаматтық бюджетті, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есепті міндетті түрде жариялау, сондай-ақ бюджет процесінің қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін міндетті түрде ашық болуы; 

      5) дәйектілік принципі - мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешімдерді сақтауы; 

      6) нәтижелілік қағидаты – ұлттық жобаларды іске асыруға, мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларында және (немесе) мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу және атқару; 

      7) бюджеттердің дербестік принципі - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, осы Кодекске сәйкес мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және жергілікті бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмеуі, төменгі бюджеттерге оларды тиісті өтеусіз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуі; 

      8) сабақтастық принципі - өткен кезеңде бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына, базалық шығыстарға, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау; 

      9) негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану; 

      10) уақтылылық қағидаты – Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіпті сақтай отырып, өз мерзімінде республикалық және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотына түсетін түсімдерді есепке жатқызу және оларды Үкіметтің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шоттарына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға аудару, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттеріне түсетін түсімдерді есепке жатқызу және бөлу, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жүргізу және бюджет қаражатын алушылардың шоттарына бюджет қаражатын аудару; 

      11) кассаның бірыңғайлық принципі - бюджетке барлық түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру; 

      12) тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару; 

      13) жауапкершілік принципі - тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы; 

      14) бюджет қаражатының атаулылығы мен нысаналы сипатының қағидаты – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына қатысу арқылы бюджет қаражатын ұлттық жобаларды іске асыруға, мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларында және (немесе) мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелерінде көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы. 

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

    Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы