40-бап. Жүк тасымалдау ережелерi Теміржол көлігі туралы Заңы
1. Жүк тасымалдау ережелерi жалпы ережелердi қамтиды, сондай-ақ мыналарды:
1) тасымалдарды жоспарлау;
2) тасымалдау жоспарын орындаудың есеп карточкасын жасау;
3) жүктердi тасымалдауға қабылдау;
4) жүктердi беру;
4-1) жүк транзиті;
5) вагондар мен контейнерлердi пломбалау үшiн бекiту-пломбалау құрылғыларын қолдану;
6) жүкқұжаты мен тасымалдау құжаттарын ресiмдеу;
7) жаппай тасымалданатын жүктердi маршруттармен және вагондар тобымен бiр жүкқұжаты бойынша тасымалдау;
8) құндылығы жарияланған жүктердi тасымалдау;
9) жүктi вагон таразыларында өлшеу дәлдiгi нормалары;
10) жүк массасының табиғи азаю нормалары;
11) тасымалдаулар және тасымалдау ақысы бойынша есеп айырысулар;
12) вагондарды беруге-алып кетуге шарттар жасасу және осындай шарттардың мiндетті талаптары;
13) тиеу және түсiру мерзiмдерi;
14) жеткiзiп беру мерзiмдерiнiң және жеткiзiп беру мерзiмдерiн есептеу ережелерi;
15) сақтау;
16) жүктi ұстап қалу, өткізу, жүктердi мемлекеттiк органдарға тапсыру;
17) жүктiң барар жерiн өзгерту, жүк жөнелтушiге қайтару;
18) бос және үйiп тиелген жүктi тасымалдау;
19) ашық жылжымалы құраммен тасымалдау;
20) жолсерiктердiң жолбасшылығы арқылы тасымалдау;
21) жөнелтушi маршруттарымен тасымалдау;
22) ұсақ және шағын тонналық жөнелтiлiмдермен тасымалдау;
23) контейнерлермен және көлiктiк пакеттермен тасымалдау;
24) мұз болып тоңазыған жүктердi тасымалдау;
25) тез бүлiнетiн жүктердi тасымалдау;
26) жануарларды тасымалдау;
27) ветеринариялық, фитосанитариялық бақылауға жататын жүктердi тасымалдау;
28) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
29) актiлер жасау;
30) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
31) сұйық жүктердi құйып алу арқылы вагон-цистерналарда және бункерлiк жартылай вагондарда тасымалдау;
32) қауiптi жүктердi тасымалдау;
32-1) бос меншікті вагондарды (контейнерлерді) тасымалдау;
33) арнайы зерттеулер мен сараптамалар жүргiзу;
33-1) ерекше жағдайларда жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру;
33-2) вагондар мен контейнерлерді жүк түсірілгеннен кейін тазалау және жуу шарттары мен тәртібін;
34) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де талаптарды белгiлейдi.
2. Жүк тасымалдау қағидасын сақтауына бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 Заңы.
Осы Заң темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, темiржол көлiгi ұйымдары, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы