403-бап. Базалық салықтық шегерім Қазақстан Республикасының Салық кодексі
Базалық салықтық шегерім әрбір күнтізбелік ай үшін қолданылатын тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін құрайды. Күнтізбелік жыл үшін базалық салықтық шегерімнің жалпы сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 360 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
403-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасынан алып тастау Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Бұрын есепке жатқызылатын қосылған құн салығы деп танылған қосылған құн салығы мынадай жағдайларда:
1) шот-фактураны және (немесе) өзге де құжатты жазып беру әрекетін (әрекеттерін) сот жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасады деп таныған немесе қылмыстық қудалау органының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулысында осындай деп танылған мәміле (операция) бойынша;
2) соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жарамсыз деп танылған мәміле бойынша;
3) қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын құжатта қате көрсетілген сома бөлігінде;
4) сот осындай салық төлеушіден тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің іс жүзінде алынғанын анықтаған мәмілелерді қоспағанда, басшысы және (немесе) құрылтайшысы (қатысушысы) мұндай заңды тұлғаның заңды күшіне енген сот шешімімен анықталған тіркелуіне (қайта тіркелуіне) және (немесе) қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруына қатысы болмаған, осы Кодекстің 85-бабы 6-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес салық органының шешімі негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алынған салық төлеушімен іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған мәмілелер бойынша алып тастауға жатады.
Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасынан осы бапта көзделген алып тастау ол үшін декларацияда қосылған құн салығы есепке жатқызылатын қосылған құн салығы ретінде танылған салықтық кезеңде жүргізіледі.
Ескерту. 403-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы