Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 404-бап. Әлеуметтік салықтық шегерімдер Қазақстан Республикасының Салық кодексі

404-бап. Әлеуметтік салықтық шегерімдер Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

404-бап. Әлеуметтік салықтық шегерімдер Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

      1. Әлеуметтік салықтық шегерімдер: 

      1) осы тармақшаны қолдану күніне адамның бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адам болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 000 еселенген мөлшері; 

      2) осы тармақшаны қолдану күніне адамның: 

      үшінші топтағы мүгедектігі бар адам; 

      мүгедектігі бар бала; 

      Ұлы Отан соғысына қатысушы, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адам және (немесе) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері; 

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адам; 

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері; 

      3) осы тармақшаны қолдану күніне адамның: 

      он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір мүгедектігі бар бала үшін – осындай мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі; 

       өмір бойына әрбір "бала кезінен мүгедектігі бар адам" деген себеппен мүгедектігі бар адам деп танылған осындай адам үшін – адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі; 

      асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір бала асырап алушы үшін – осындай адамдардың бірі; 

      жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына қабылдап алған әрбір ата-ана үшін – осындай адамдардың бірі болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшері. 

      Осы тармақшаның ережелері: 

      қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшіліктерінің жұмыскерлеріне қатысты олардың осындай ұйымдарымен еңбек қатынастарында болуына байланысты; 

      Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдарға қатысты қолданылмайды. 

      2. Әлеуметтік салықтық шегерімдер осы салықтық шегерімдерді қолдану үшін негіз туындаған, бар немесе болған күнтізбелік жылда қолданылады.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

 

404-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Осы бапта және осы Кодекстің 405-бабында белгіленген жағдайларда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту немесе азайту есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету болып табылады.  

      2. Есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту өздері бойынша қосылған құн салығы бұрын есепке жатқызуға жатқызылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мынадай жағдайларда: 

      1) болуына байланысты салық төлеуші осы Кодекстің 407 және 408-баптарына сәйкес пропорционалды әдісті қолданған салық салынбайтын айналымның мақсатында пайдаланылғандарды қоспағанда, салық салынатын айналым мақсатынсыз пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша; 

      2) өздері бүлінген, жоғалған жағдайда (төтенше ахуалдың салдарынан және (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда) тауарлар бойынша жүргізіледі. Бұл ретте тауардың бүлінуі тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің) нашарлауын білдіреді, соның салдарынан аталған тауар салық салынатын айналымның мақсаттары үшін пайдаланылмайды. Соның салдарынан тауар жойылған немесе ысырап болған оқиға тауардың жоғалуы деп түсініледі. Салық төлеушi табиғи кемудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалары шегiнде шеккен тауарлар ысырабы жоғалу болып табылмайды; 

      Төтенше ахуалдар салдарынан туындаған жағдайларда тауарлар бүлінген, жоғалған кезде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның: 

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген тауардың бүліну, жоғалу фактілерін растайтын құжат; 

       осы Кодекстің 215-бабының 7-1-тармағына сәйкес жасалған салықтық тіркелімде көрсетілген мәліметтер бар тауарлар бойынша төтенше ахуалдың туындау фактісі туралы растауы болған кезде, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайтуды жүргізбейді. 

      Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған жағдайларда тауарлар бүлінген, жоғалған кезде қылмыстық қудалауды жүргізетін органның: 

      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген тауардың бүліну, жоғалу фактілерін растайтын құжат; 

       осы Кодекстің 215-бабының 7-1-тармағына сәйкес жасалған салықтық тіркелімде көрсетілген мәліметтер бар тауарлар (салық төлеуші жергілікті атқарушы орган қалыптастыратын тізілімге енгізілген кезде көрсетілген жергілікті атқарушы орган құрған комиссияның шешімі бойынша, төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде келтірілген мүліктік зиянның өтеміне ақша алынған тауарларды қоспағанда) бойынша салық төлеушіні төтенше жағдайға байланысты қылмыстық істер бойынша жәбірленуші деп тану туралы қаулысының көшірмесі болған кезде, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайтуды жүргізбейді. 

      3) табиғи монополия субъектісі шеккен нормативтен тыс ысыраптар бойынша; 

      4) жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлік бойынша; 

      5) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне беретін пайдалы қазбалардың көлемдері бойынша; 

      6) осы Кодекстің 383-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде жүргізіледі.  

      3. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту осы Кодекстің 383-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде жүргізіледі.  

      Осы Кодекстің 383-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту немесе азайту салық салынатын айналымның мөлшерін ұлғайту немесе азайту жағына қарай түзетуге байланысты, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші жазып берген қосымша шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі.  

      4. Осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және 3-тармағында белгіленген жағдайларда есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығының сомасын түзету осындай жағдайлар басталған салықтық кезеңде жүргізіледі. 

      Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында белгіленген жағдайда есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығының сомасын түзету осы Кодекстің 401-бабының 5-тармағында айқындалған салықтық кезеңде жүргізіледі. 

      5. Осы баптың 2-тармағының 1) – 5) тармақшаларында белгіленген жағдайларда, сатып алынған, салынған, жасалған тауарлар бойынша, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбай, сол күнге бухгалтерлік есептің деректері бойынша тауарлардың баланстық құнына түзетуді жүзеге асыру күніне қолданыста болатын қосылған құн салығының мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерінде жүргізіледі.  

      6. Егер өткізу бойынша осындай айналым жасалғанға дейін қосылған құн салығы есепке жатқызылған бөлінетін жер учаскесінің бір бөлігін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру жөніндегі өткізу бойынша айналым осы Кодекстің 409-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын осы Кодекстің 396-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған болып табылған жағдайда, онда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осындай жер учаскесіне тура келетін қосылған құн салығының сомасына жүргізіледі, ол мынадай формула бойынша айқындалады: 

      ҚҚСтүз = ҚҚСеж/ Sжер х Sжал, мұнда: 

      ҚҚСтүз – қосылған құн салығын түзету сомасы; 

      ҚҚСеж – бұрын есепке жатқызылатын деп танылған қосылған құн салығының сомасы; 

      Sжал – жер учаскесі бөлінгенге дейін оның жалпы алаңы; 

      Sжер – иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) билік ету құқығын беру бойынша айналымы осы Кодекстің 409-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын осы Кодекстің 396-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын жер учаскесінің алаңы. 

      7. Осы Кодекстің 372-бабы 5-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 372-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда, осы бапта көзделген түзету жүргізілмейді. 

      8. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы осы бапта көзделген түзету ескеріле отырып, теріс мәнге ие болуы мүмкін. 

      Ескерту. 404-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-б. қараңыз) Заңдарымен.  

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы