406-бап. Кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолдануынан босатуы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі
1. Кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолдануынан босатуы осы Кодексте және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленеді.
2. Кедендік жете тексеруге мынадай адамдардың:
1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының және олармен бірге жүретін олардың отбасы мүшелерінің;
2) егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үкіметтерінің мүшелері қызметтік міндеттерін орындауға байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе, аталған адамдардың;
3) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге ресми сапармен келетін шет мемлекеттер басшыларының, шет мемлекеттердің үкімет басшыларының, шет мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің;
4) өкілеттіктері өтіп кеткен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер президенттерінің және олармен бірге жүретін олардың отбасы мүшелерінің;
5) егер Армения Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Армения Республикасы Премьер-министрі Әкімшілігінің Басшысы, Армения Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Армения Республикасы Ұлттық жиналысының депутаттары, Армения Республикасы Кассациялық Сотының Төрағасы, Армения Республикасының Бас прокуроры, Армения Республикасы Орталық банкінің Төрағасы, Армения Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы, Армения Республикасы Премьер-министрі Күзет қызметінің бастығы қызметтік міндеттерін орындауға байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе, аталған адамдардың;
6) егер Беларусь Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Беларусь Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Беларусь Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы, Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы, Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитетінің басшысы, Беларусь Республикасының Бас прокуроры, Беларусь Республикасы Ұлттық банкінің Басқарма Төрағасы, Беларусь Республикасы Президентінің Іс басқарушысы, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Республика Кеңесінің мүшелері, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы Өкілдері палатасының депутаттары қызметтік міндеттерін немесе депутаттық өкілеттіктерін орындауға байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе, аталған адамдардың;
7) егер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары қызметтік міндеттерін немесе депутаттық өкілеттіктерін орындауға байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе, аталған адамдардың;
8) егер Қырғыз Республикасы Президенті Аппаратының Басшысы, Қырғыз Республикасы Жоғарғы сотының Төрағасы, Қырғыз Республикасы Жоғарғы соты Конституциялық палатасының Төрағасы, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаттары, Қырғыз Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Хатшысы, Қырғыз Республикасының Бас прокуроры, Қырғыз Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы, Қырғыз Республикасы Президенті мен Үкіметінің Іс басқарушысы, Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Төрағасы, Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Төрағасының орынбасары – 9 қызметтің бастығы қызметтік міндеттерін орындауға байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе, аталған адамдардың;
9) егер Ресей Федерациясы Конституциялық Сотының Төрағасы, Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің мүшелері, Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаттары қызметтік міндеттерін немесе депутаттық өкілеттіктерін орындауға байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтсе, аталған адамдардың жеке багажы жатпайды.
3. Кедендік жете тексеруден:
1) шетелдік әскери корабльдер (кемелер), жауынгерлік әуе кемелері және өздігінен жүретін әскери техника;
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тиісті мемлекеттік органдарының арнайы өтініштеріне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін әскери мүлік босатылады.
Ескерту. 406-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы