41-1-бап. Байланыс желілерінің және (немесе)құралдарының жұмысын тоқтата тұру тәртібі Байланыс туралы Заңы
1. Байланыс желілері және (немесе) құралдары жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасын бұзатын, экстремистік және террористік әрекетті жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сол сияқты белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін, кәмелетке толмағандарды сексуалдық қанауды және балалар порнографиясын насихаттайтын бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын, балаға қатысты кибербуллинг мақсатында, электрондық казино, интернет-казино жарнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға құқығы жоқ тұлға ұйымдастыратын және өткізетін құмар ойындар және (немесе) бәс тігу жарнамасын қамтитын ақпаратты тарату үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының масс-медиасы саласындағы қызметпен айналысуға құқығы жоқ тұлғаның теле-, радиобағдарламаларды және (немесе) теле-, радиоарналарды таратуы үшін пайдаланылған жағдайларда, осы баптың 1-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасарлары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін уақытша тоқтата тұру бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыну енгізеді не масс-медиа саласындағы уәкілетті органға бағдарламалық қамтылым мен интернет-ресурс түріндегі ақпараттандыру объектілеріне және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұру бойынша шаралар қабылдау туралы талаппен заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізеді.
1-1. Таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған, сондай-ақ қолжетімділігі Қазақстан Республикасы Бас прокурорының немесе оның орынбасарларының масс-медиа саласындағы уәкілетті органға енгізілген заң бұзушылықты жою туралы ұсынымымен уақытша тоқтатыла тұрған ақпарат телекоммуникациялар желісі арқылы таратылған жағдайларда, масс-медиа саласындағы уәкілетті органның нұсқамасы бойынша байланыс операторлары және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуді шектеу бойынша дереу шаралар қабылдауға міндетті.
Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді.
1-2. Кейінге қалдыруға болмайтын және ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстардың жасалуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, оның орынбасарлары немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарының бастықтары не оларды алмастыратын адамдар кейіннен байланыс, масс-медиа салаларындағы уәкілетті органдарды және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып, жедел-іздестіру қызметінің барлық субъектілерінің мүддесінде байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұруға құқылы.
Байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұру тәртібі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша жедел-іздестіру қызметі субъектілері мен байланыс, масс-медиа салаларындағы уәкілетті органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
1-3. Заңды күшіне енген сот шешімінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізу мақсатында байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысына, байланыс қызметтерін көрсетуге, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуге тыйым салынады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 1-4, 1-5-тармақтармен толықтыру көзделген – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-4. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 89-бабының 2-тармағында айқындалған жағдайларда, масс-медиа саласындағы уәкілетті орган қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-ресурсқа және (немесе) интернет-алаңға қол жеткізуін шектеу туралы салық органының шешімі негізінде осындай шешімді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-ресурсқа және (немесе) интернет-алаңға қол жеткізуін шектеу туралы нұсқама шығарады. Байланыс операторлары және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет нұсқаманы орындау бойынша дереу шаралар қабылдауға міндетті.
1-5. Интернет-ресурсқа және (немесе) интернет-алаңға қол жеткізуді шектеуді алып тастау Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген негіздер бойынша салық органы басшысының немесе оның орынбасарының шешімі бойынша жүргізіледі.
Масс-медиа саласындағы уәкілетті органның шектеуді алып тастау бойынша шаралар қабылдауы осы баптың 1-4-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады
1-6. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын пайдалануға тыйым салуды қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің уәкілетті органы ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіппен ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының жұмысын тоқтата тұру туралы орындалуы міндетті талапты сәйкестендіру кодтарының орталық дерекқорының операторына жібереді.
2. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары және (немесе) масс-медиа саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынуды алған кезден бастап бір сағат ішінде байланыс операторларына, онлайн-платформалардың меншік иелеріне және (немесе) заңды өкілдеріне және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке оны орындау бойынша шаралар қабылдау туралы нұсқама жібереді.
3. Байланыс операторлары, онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет:
1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, масс-медиа саласындағы уәкілетті органнан және (немесе) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан осы баптың 1, 1-1 және 1-2-тармақтарында көрсетілген ұсынуды немесе шешімді орындау жөнінде шаралар қолдану туралы нұсқаманы алғаннан кейін оны байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұру жолымен екі сағаттан аспайтын уақыт ішінде орындауға міндетті;
2) байланыс желілерін және (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын, экстремистік және террористік әрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сонымен қатар белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын ақпарат тарату үшін пайдаланатын адамды анықтауда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жәрдем көрсетеді.
3-1. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары өз құзыреті шегінде осы баптың 1, 1-1 және 1-2-тармақтарында көрсетілген ақпаратты таратқан адамды анықтау және жауаптылыққа тарту бойынша жедел-іздестіру, қарсы барлау және қылмыстық-процестік шараларын қабылдайды.
Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратты таратқан адамның мекенжайына хабарламаны алған кезден бастап алты сағат ішінде оны жою бойынша шаралар қабылдау талап етілген хабарлама жібереді.
4. Егер, байланыс желілерін және (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын, экстремистік және террористік әрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сонымен қатар белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын, балаға қатысты кибербуллинг мақсатында ақпарат тарату үшін пайдаланған адам оны алып тастаған жағдайда, онда ол бұл туралы масс-медиа саласындағы уәкілетті органға хабарлама жібереді.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны алғаннан және оның анықтығын тексергеннен кейін масс-медиа саласындағы уәкілетті орган байланыс операторларына және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелеріне және (немесе) заңды өкілдеріне және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке осы баптың 1-1 және 2-тармақтарында көрсетілген нұсқаманың күшін жою және масс-медиа саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау туралы тапсырма береді.
6. Байланыс операторлары және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет масс-медиа саласындағы уәкілетті органнан осы баптың 5-тармағында көрсетілген тапсырманы алғаннан кейін оны дереу орындауға міндетті.
7. Масс-медиа саласындағы уәкілеттті орган, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, байланыс операторлары, онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері және мемлекеттік техникалық қызмет байланыс желілерінің және (немесе) байланыс құралдарының жұмысын тоқтата тұрудың, сондай-ақ интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұрудың осы бапта айқындалған тәртібін орындамағандары үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында байланыс саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың аталған қызметті реттеу жөніндегі өкілеттіктерін, байланыс қызметтерін көрсететін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы