Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 41-бап. Дербес деректерді алып тастау, анонимдеу және өңдеуді шектеу құқығы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

41-бап. Дербес деректерді алып тастау, анонимдеу және өңдеуді шектеу құқығы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

41-бап. Дербес деректерді алып тастау, анонимдеу және өңдеуді шектеу құқығы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 

      1. Дербес деректер субъектісі, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардың алыну негізіне қарамастан, цифрлық ортада орналастырылған немесе өңделетін өзінің дербес деректерін алып тастауды, анонимдеуді немесе өңдеуді шектеуді талап етуге құқылы. 

      Дербес деректерді анонимдеу деп оны жасаудың нәтижесінде дербес деректердің дербес деректер субъектісіне тиесілігін анықтау мүмкін болмайтын іс-қимыл түсініледі. 

      2. Цифрлық объектілердің иегері немесе дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыратын өзге тұлға дербес деректер субъектісінің дербес деректерді алып тастау, анонимдеу немесе өңдеуді шектеу туралы талабын Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен орындауға міндетті. 

      3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында цифрлық деректерді сақтаудың міндетті мерзімдері белгіленген болса, тиісті цифрлық объектінің иегері немесе дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыратын өзге тұлға: 

      1) заңды күшіне енген сот актісі негізінде; 

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартында көзделген міндеттемелерді орындау үшін; 

      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес архивтік сақтауды қамтамасыз ету мақсатында өңдеуді қоспағанда, мұндай деректерге қол жеткізуді шектеуге және дербес деректер субъектісінің талабы бойынша оларды өңдеуді тоқтата тұруға міндетті. 

      4. Дербес деректерді алып тастау, анонимдеу немесе өңдеуді шектеу туралы талап, егер дербес деректерді сақтау: 

      1) үшінші тұлғалардың өмірін қорғау, денсаулығын сақтау, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 

      2) құқық бұзушылық бойынша істерді қарау; 

      3) сот төрелігін жүзеге асыру немесе заңды күшіне енген сот актілерін орындау; 

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей белгіленген көпшілік мүддесін қамтамасыз ету; 

      5) дербес деректерді анонимдеу жағдайында мемлекеттік статистиканың немесе ғылыми-зерттеу қызметінің мақсаттары; 

      6) мемлекеттік функцияларды іске асыру және мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажет болса, орындалуға жатпайды.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII ҚРЗ 

 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы