Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 41-бап. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар, жолданымды қарау кезінде тартылатын өзге де тұлғалар мен органдар Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы

41-бап. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар, жолданымды қарау кезінде тартылатын өзге де тұлғалар мен органдар Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

41-бап. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар, жолданымды қарау кезінде тартылатын өзге де тұлғалар мен органдар Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы 

      1. Мыналар: жолданымдары бойынша конституциялық іс жүргізу қозғалған тұлғалар мен органдар, актілерінің конституциялылығы тексерілетін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар конституциялық іс жүргізуге қатысушылар деп танылады.

      2. Мыналар:

      1) мемлекеттік органдар мен ұйымдар;

      2) сарапшы және пікірлері жолданымды жан-жақты, толық және объективті қарауға жәрдем ететін өзге де адамдар;

      3) аудармашы жолданымды қарау кезінде тартылатын тұлғалар мен органдар деп танылады.

      3. Қажет болған жағдайда конституциялық іс жүргізуге қатысушылар, осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған өзге де тұлғалар мен органдар конституциялық іс жүргізуге қатысу үшін өз өкілдерін айқындай алады, олардың өкілеттіктері белгіленген тәртіппен берілген сенімхатта немесе өзге де құжатта ресімделеді. Заңға байланысты конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың өкілдері конституциялық іс жүргізуге өкілеттіктерін ресімдемей қатысуға құқылы.

      4. Азаматтардың жолданымдарын қарау кезінде заңды өкілдер, адвокаттар, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын заң консультанттары, сондай-ақ заңмен, жарғымен немесе ережемен ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген осы ұйымдардың уәкілетті адамдары ғана өкіл бола алады.

      5. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар жолданым субъектісінің өтініші бойынша Конституциялық Сот адвокаттың немесе заң консультантының қатысуын жүгінген адамның таңдауы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасына немесе заң консультанттары палатасына тиісті қаулыны жіберу арқылы қамтамасыз етеді. Адвокаттың немесе заң консультантының еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      6. Өкілдердің саны екі адамнан аспауға тиіс.

      7. Мемлекеттік органдар, ұйымдар жолданым жіберген азаматтың, оның заңды өкілінің, аудармашының, сарапшының (маманның) Конституциялық Соттың талап етуі бойынша оның отырысына қатысуға жұмсалған барлық уақыт ішінде орташа жалақысын сақтауға міндетті. 

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 153-VII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы