41-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
1. Мыналар:
1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;
2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікті немесе айыпталушы;
3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың , азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері;
5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұрған адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
2. Қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9) – 12) тармақтары және 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, терiс себептер бойынша мемлекеттiк немесе әскери қызметтен, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттiк органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған, адвокаттық қызметпен айналысуға берiлген лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу тетiгiнiң қатысушылары бола алмайды.
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы