Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 411-бап. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған және өзге жағдайларда тексеру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

411-бап. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған және өзге жағдайларда тексеру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

411-бап. Кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін басталған және өзге жағдайларда тексеру Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі    

      1. Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді  тауарлар шығарылғаннан кейін басталған не осы Кодекске сәйкес кедендік бақылаудың осы нысанын қолданудың өзге жағдайларында тексеруді жүргізу кезінде кеден органы осы Кодекстің 426-бабына сәйкес кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді сұратуға және алуға құқылы. 

   Бұл ретте кеден органы құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуда (талапта) белгілеген мұндай құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну мерзімі сұрау салу (талап) жіберілген адамның уәжді өтініші негізінде, оның ішінде жоғалған құжаттарды қалпына келтіру үшін ұзартылуы мүмкін. Құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну ұзартылатын мерзім сұрау салу (талап) жіберілген адамның өтініші негізге алына отырып айқындалады, бірақ құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынудың кеден органы белгілеген мерзімі өткен күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      2. Кедендік декларацияға қатысты кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды, кедендік декларацияларда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін не өзге де жағдайларда басталған тексеру нәтижелері бойынша кеден органы осы Кодекске сәйкес шешім қабылдайды. 

      Осы бапта көрсетілген тексеруді жүргізу туралы, сондай-ақ осындай тексеру жүргізудің нәтижелері туралы тұлғаны хабардар ету тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

3. Кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін не өзге де жағдайларда басталған тексеруді жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспайды. 

      Құжаттарды, мәліметтерді және (немесе) жауапты, кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін не өзге де жағдайларда басталған тексеруді жүргізу нәтижелері туралы хабарлама бойынша алдын ала шешімді кеден органының бөлімшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да кеден органдарына, жоғары тұрған және басқа да мемлекеттік органдарына және (немесе) ұйымдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, өзге де ұйымдарға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарына сұрау салуларды (талаптарды), кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімді ұсыну жөніндегі сұрау салу (талап) жіберілген күн мен құжаттарды және (немесе) мәліметтерді және (немесе) сұрау салуларға жауаптарды, кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тауарлар шығарылғаннан кейін не өзге де жағдайларда басталған тексеруді жүргізу нәтижелері туралы хабарлама бойынша алдын ала шешімге жазбаша қарсылықты алған күн арасындағы уақыт кезеңі көрсетілген мерзімге қосылмайды. 

       4. Адам осы Кодекстің 21-бабына сәйкес осы бапта айқындалған тексеруді жүргізу нәтижелері туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде осындай хабарламаға шағым жасауға құқылы.  

      Бұл ретте тексеруді жүргізу нәтижелері туралы хабарламамен келіспеген жағдайда, адам осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде осы Кодекстің 47-тарауына сәйкес кеден органына кедендік тексеру жүргізу жөнінде өтініш жасауға құқылы. Адамның кеден органына кедендік тексеру жүргізу жөнінде өтініш жасауы өтінішті қарау нәтижелері бойынша шешім шығарылғанға дейін немесе кедендік тексеру аяқталғанға дейін осы бапта айқындалған тексеруді жүргізу нәтижелері туралы хабарламаның орындалуын тоқтата тұрады. 

      Кедендік тексеру нәтижелері бойынша шығарылған, тексеруді жүргізу нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, осы бапта айқындалған тексеруді жүргізу нәтижелері туралы хабарламаны орындау осы Кодекстің 55-тарауына сәйкес шағым бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы