Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 42-бап. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың және жолданымды қарау кезінде тартылатын өзге де тұлғалар мен органдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы

42-бап. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың және жолданымды қарау кезінде тартылатын өзге де тұлғалар мен органдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

42-бап. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың және жолданымды қарау кезінде тартылатын өзге де тұлғалар мен органдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы 

      1. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар өкілеттіктері шегінде тең процестік құқықтарды пайдаланады.

      2. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың, олардың өкілдерінің:

      1) мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, конституциялық іс жүргізу материалдарымен танысуға, олардан үзінді көшірмелер алуға және көшірмелерін түсіруге;

      2) дәлелдемелерді ұсынуға, оларды зерттеуге қатысуға және жолданымдары мен қарсылықтарының негізі ретінде өздері сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге;

      3) конституциялық іс жүргізу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдері мен ойларын Конституциялық Сотқа айтуға;

      4) өтінішхаттар мәлімдеуге және мәлімделген өтінішхаттар бойынша өз пікірін айтуға;

      5) Конституциялық Сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге құқығы бар.

      3. Мына:

      1) жолданымы бойынша конституциялық іс жүргізу қозғалған конституциялық іс жүргізуге қатысушы Конституциялық Соттың құрамы қорытынды шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін жолданымының негізін өзгертуге, оның көлемін ұлғайтуға немесе азайтуға, өзі берген жолданымды кері қайтарып алуға құқылы;

      2) конституциялық іс жүргізу қозғалған актіге байланысты конституциялық іс жүргізуге қатысушы жолданымда мәлімделген талаптарды толық немесе ішінара мойындауға не оларға қарсылық білдіруге құқылы.

      4. Жолданымды қарау кезінде тартылатын тұлғалар мен органдар:

      1) Конституциялық Соттың рұқсатымен және ол айқындаған көлемде конституциялық іс жүргізу материалдарымен танысуға;

      2) жолданымның нысанасы бойынша өз дәлелдері мен ойларын Конституциялық Сотқа айтуға құқылы.

      5. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар, жолданымды қарау кезінде тартылатын өзге де тұлғалар мен органдар, олардың өкілдері:

      1) өз құқықтарын адал пайдалануға міндетті. Олардың Конституциялық Сотқа көрінеу жалған мәліметтерді хабарлауы немесе Конституциялық Сот талап еткен құжаттарды, материалдар мен өзге де ақпаратты ұсынбауы Конституциялық Сотты құрметтемеу деп бағаланады және заң бойынша жауаптылыққа алып келеді;

      2) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Конституциялық Сотқа, оның талаптарына және Конституциялық Сотта қабылданған рәсімдерге құрметпен қарауға;

      3) төрағалық етушінің отырыс тәртібін сақтау туралы өкімдеріне бағынуға;

      4) жолданымның мән-жайлары туралы мәліметтерді немесе Конституциялық Соттың жабық отырыстарына қатысуына байланысты өздеріне белгілі болған өзге де деректерді жария етпеуге міндетті.

      6. Сарапшы (маман):

      1) сараптама (зерттеу) нысанасына жататын материалдармен танысуға;

      2) қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне ұсыну туралы өтінішхатты мәлімдеуге;

      3) егер Конституциялық Сот судьясының ұйғарымында ол туралы көрсетілген болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқылы.

      7. Сарапшы (маман):

      1) өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша объективті және негізделген қорытынды беруге;

      2) қажет болған кезде өзі дайындаған қорытындының мазмұнын түсіндіруге және Конституциялық Соттың отырысына қатысуға міндетті.

      8. Аудармашы:

      1) аударманы жүзеге асыру кезінде қатысып отырған адамдарға аударманың толықтығы мен дұрыстығы үшін нақтылайтын сұрақтар қоюға;

      2) орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқылы.

      9. Аудармашы:

      1) өзіне тапсырылған аударманы дәлме-дәл және толық орындауға;

      2) конституциялық іс жүргізу құжаттарында аударманың дұрыстығын өз қолтаңбасымен куәландыруға міндетті. 

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 153-VII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы