Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 43-бап. Цифрлық орта субъектілерінің алгоритмдік жүйелер мен толық автоматтандырылған шешімдерді пайдалану кезіндегі құқықтары Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

43-бап. Цифрлық орта субъектілерінің алгоритмдік жүйелер мен толық автоматтандырылған шешімдерді пайдалану кезіндегі құқықтары Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

43-бап. Цифрлық орта субъектілерінің алгоритмдік жүйелер мен толық автоматтандырылған шешімдерді пайдалану кезіндегі құқықтары Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 

      1. Алгоритмдік жүйе – жасанды интеллект жүйелерін қоса алғанда, деректерді автоматтандырылған түрде өңдеу негізінде шешімдер қабылдайтын немесе қабылдауға әсер ететін цифрлық жүйе. 

      2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген белгілер бойынша кемсітушілікті қоса алғанда, алгоритмдік жүйелерді пайдалана отырып қабылданатын шешімдер кемсітушілікке алып келмеуге тиіс. 

      3. Қабылдануы адамның мән-жайларды бағалауға не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе келісімде көзделген жағдайларда нәтижені бекітуде адамның қатысуынсыз жүзеге асырылатын шешім толық автоматтандырылған шешім деп танылады. 

      4. Өзіне қатысты толық автоматтандырылған алгоритмдік жүйе қабылданатын субъект Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен: 

      1) алгоритмдік жүйені қолдану фактісі туралы ақпарат алуға; 

      2) алгоритмдерді, бастапқы кодты немесе заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді ашпай шешімге әсер еткен негізгі факторлар мен өлшемшарттардың түсіндірмесін алуға; 

      3) егер шешім заңды салдарларға алып келетін болса не адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне ықпал етуге қабілетті болса, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде уәкілетті маманның (мамандардың) қатысуымен шешімді қайта қарауды талап етуге құқылы. 

      5. Алгоритмдік жүйелерді, толық автоматтандырылған шешімдерді қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII ҚРЗ 

 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы