Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 437-бап. Салық агентінде салықтық шегерімдерді қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

437-бап. Салық агентінде салықтық шегерімдерді қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

437-бап. Салық агентінде салықтық шегерімдерді қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістерге салықтық шегерімдер осы Кодекстің 401 – 404-баптарында белгіленген нормаларға сәйкес қолданылады. 

     2. Базалық салықтық шегерім мен әлеуметтік салықтық шегерімдерді салық агенті төлем көзінен мыналардың: 

     1) жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші; 

     2) әлеуметтік салықтық шегерімді қолдану үшін растайтын құжаттардың көшірмелері негізінде қолданады.  

     3. Жеке тұлға базалық салықтық шегерімді бір салық агентінен ғана қолдануға құқылы. 

     Салық агентінде күнтізбелік ай үшін жұмыскердің кірісі және тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс түріндегі бір жеке тұлғаға кірістерді төлеу бойынша міндеттемелері болған кезде базалық салықтық шегерім күнтізбелік ай үшін базалық салықтық шегерім сомасы шегінде мынадай ретпен: 

     1) жұмыскердің кірісіне – осындай кіріс сомасы шегінде; 

     2) салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріске – базалық салықтық шегерімнің қалған мөлшерінде қолданылады. 

     Салық агенті қайта ұйымдастырылған жағдайларды қоспағанда, ол күнтізбелік жыл ішінде ауысқан кезде алдыңғы салық агентінде түзілген базалық салықтық шегерімнің қолданылмаған сомасы басқа салық агентінде ескерілмейді. 

     4. Бір салық агентінде түзілген әлеуметтік салықтық шегерімнің қолданылмаған сомасы осы Кодексте белгіленген шектерде басқа салық агентінде ескеріледі. Ол үшін жеке тұлға осы Кодекстің 446-бабында айқындалған тәртіппен күнтізбелік жылдың басынан басталған кезең үшін әлеуметтік салықтық шегерімді қолданған салық агенті (салық агенттері) берген жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы ұсынады.   

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

437-бап. Жалпы ережелер  Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Осы тараудың ережелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында жасалған халықаралық шарттар негізінде белгіленген және тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде қосылған құн салығы бөлігінде салық салуды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасында оны салықтық әкімшілендіруді реттейді. 

      Егер осы тарауда тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде қосылған құн салығын салу, сондай-ақ оған салықтық әкімшілендіру бөлігінде осы Кодекстің басқа тарауларында қамтылғандағыдан өзгеше нормалар белгіленсе, осы тараудың нормалары қолданылады. 

      Осы тарауда тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде қосылған құн салығын салуға, сондай-ақ оны салықтық әкімшілендіруге қатысты реттелмеген мәселелер осы Кодекстің басқа тарауларымен, сондай-ақ осы Кодексті қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңымен реттеледі. 

      Осы тарауда қолданылатын ұғымдар Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында жасалған халықаралық шарттарда көзделген. 

      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында жасалған халықаралық шарттарда осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар көзделмесе, осы Кодекстің тиісті баптарында, Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да салаларындағы заңнамасында көзделген ұғымдар қолданылады. 

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығын алуды салық органдары салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылатын, осы Кодекстің 422-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша жүзеге асырады. 

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасында тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемені орындауына салықтық бақылауды салық органдары салық төлеуші ұсынған салықтық есептіліктің, сондай-ақ мемлекеттік органдардан және өзге де тұлғалардан алынған салық төлеушінің қызметі туралы мәліметтердің және (немесе) құжаттардың негізінде жүзеге асырады. 

      Осы тараудың мақсаты үшін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шетел валютасындағы құны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым, салық салынатын импорт жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі. 

      2. Осы тараудың мақсатында лизинг шарты бойынша мүлікті (лизинг нысанасын) үш жылдан астам мерзімге беру, егер ол мынадай талаптардың біріне сай келсе: 

      1) мүлікті (лизинг нысанасын) лизинг алушының меншігіне тіркелген баға бойынша беру лизинг шартында айқындалса; 

      2) лизинг мерзімі мүлік лизингі (лизинг нысанасы) бойынша берілетін пайдалы қызмет мерзімінің 75 пайызынан асса; 

      3) лизингтік төлемдердің ағымдағы (дисконтталған) құны лизингтің бүкіл мерзімінде мүлік лизингі (лизинг нысанасы) бойынша берілетін құнның 90 пайызынан асса лизинг деп танылады. 

      Осы тараудың мақсаттарында мұндай беру лизинг берушінің мүлікті (лизинг нысанасын) сатуы және лизинг алушының осы мүлікті (лизинг нысанасын) сатып алуы ретінде қарастырылады. Бұл ретте лизинг алушы – лизинг нысанасының иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер лизинг алушыға тауарлар құны бөлігінің мөлшерінде берілген кредит бойынша төлемдер ретінде қарастырылады. 

      Осы тараудың мақсаттарында лизингтік төлем деп лизинг шартында (келісімшартында) көзделген сыйақы ескеріле отырып, тауар (лизинг нысанасы) құнының бір бөлігі түсініледі. 

      Осы тараудың мақсаттарында жоғарыда көрсетілген талаптар сақталмаған жағдайда немесе олар бойынша лизинг шарты осындай шарттар жасалған күннен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған (лизинг шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған) жағдайда лизингтік мәмілелер лизинг деп танылмайды. 

      Осы тараудың мақсаттарында осындай мүлік (лизинг нысанасы) алынған (берілген) құнды, лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төленетін төлемдерді қоспағанда, мүлікті (лизинг нысанасын) лизингке беруге байланысты барлық төлемдер лизинг шарты бойынша сыйақы деп түсініледі. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы