Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 44-бап. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешiмдері Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

44-бап. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешiмдері Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

44-бап. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешiмдері Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 

      1. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жұмыс істеп жүрген судьялардың кәсіптік қызметін бағалау туралы материалдарды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:

      1) атқаратын лауазымына сай деп тану;

      1-1) Академияға біліктілікті арттыру курстарына, оның ішінде жеке жоспар бойынша жібере отырып, атқаратын лауазымына сай келеді деп тану;

      2) алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 82-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

      3) жоғары тұрған лауазымға (жоғары тұрған сот сатысына) кадр резервіне алуға ұсыным жасау;

      4) жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы;

      5) кәсіптік жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану;

      6) алып тасталды – ҚР 20.12.2021 № 82-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

      Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шешімі ұсынымдық сипатта болады.

      2. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік қызметті бағалау нәтижелері бойынша судьяны кәсіптік жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану туралы шешімі Жоғары Сот Кеңесінің судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы мәселені қарауына негіз болып табылады.

      Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік қызметті бағалау нәтижелері бойынша судьяны жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы шешімі Жоғары Сот Кеңесінің судьяны жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы, ал ауысудан бас тартқан жағдайда судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы мәселені қарауына негіз болып табылады.

      3. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия отставкаға құқықты растау туралы өтініш бойынша материалды, сондай-ақ отставканы тоқтату туралы материалды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:

      1) отставкаға құқықты растау туралы;

      2) отставкаға құқықты растаудан бас тарту туралы;

      3) судьяның отставкасын тоқтату туралы;

      4) судьяның отставкасын тоқтатудан бас тарту туралы.

      4. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешіміне судья Жоғары Сот Кеңесіне шағым жасауы мүмкін.

      ҚР Конституциялық Сотының 21.04.2023 № 10 нормативтік қаулысымен "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 44-бабының 4-тармағы, 44-1-бабының 3-тармағы және "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1-тармағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағына сәйкес келеді деп танылды.

      5. Жоғары Сот Кеңесінің судьяны атқаратын лауазымынан босату туралы ұсыным беруден бас тартуы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия шығарған шешімнің күшін жояды. Жоғары Сот Кеңесінің Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия шешімінің күшін жоюы Жоғары Сот Кеңесінің не Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның осы бапта көзделген өзгеше шешім қабылдауына негіз болып табылады.

      Жоғары Сот Кеңесінің осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген шешімді қабылдауы Жоғары Сот Кеңесінің судьяны жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы мәселені қарауына негіз болып табылады. 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы