45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, пилотсыз авиациялық жүйелерді тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы
1. Мемлекеттiк әуе кемелерi Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясының әуе кемелерінің тізілімінде мемлекеттік тіркелуге жатады.
Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік әуе кемесінің меншік иесіне әуе кемесінің Мемлекеттік авиацияның әуе кемелерінің тізілімінде мемлекеттік тіркелгені туралы хабарлама береді.
2. Азаматтық әуе кемелері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде мемлекеттік тіркелуге жатады.
Азаматтық әуе кемесі оның иесінің өтініші бойынша немесе иесінің, оны пайдаланушының келісімімен, егер:
1) әуе кемесі басқа мемлекетте тіркелмеген;
2) әуе кемесінің иесі немесе пайдаланушысы Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы болып табылған;
2-1) сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған әуе кемесін қоспағанда, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген тұлға әуе кемесінің меншік иесі немесе пайдаланушысы болып табылмаған;
3) тип сертификатын немесе соған ұқсас басқа құжатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген немесе жарамды деп таныған;
4) жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемелерін пайдаланудың күнтізбелік мерзімі (әуе кемесі шығарылған күннен бастап тіркелген күнге дейін есептелетін мерзім) жиырма бес жылдан аспайтын;
5) жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемесінің ұшу циклдерінің саны бойынша және сағат бойынша есептелетін ресурсы белгіленген зауыт ресурсының (дайындаушы зауыттың немесе конструкторлық бюроның ресми растауымен) үштен екі бөлігінен аспайтын;
6) жүктерді тасымалдауға арналған борттың жай-күйі мен тұрған жері туралы деректерді жер үсті және спутниктік арналар арқылы беруді қамтамасыз ететін жабдық болған жағдайда ғана Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тіркелген азаматтық әуе кемесін пайдаланушыға (оның иесіне) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді.
Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілетін әуе кемесі Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы нормаларына және ұшуға жарамдылықты айқындайтын пайдалану-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2-1. Егер әуе кемесі ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкес келмесе, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым азаматтық әуе кемесін тіркеуден бас тартады.
2-2. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген кезден бастап азаматтық әуе кемесі Қазақстан Республикасының ұлттық тиесілігін иеленеді.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік әуе кемесінің бортында болады.
3. Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларының меншiгiндегi азаматтық әуе кемелеріне құқықтар, сондай-ақ қайтарылмайтын өкілеттіктер азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiнде тіркеуіне жатады.
4. Алып тасталды - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Эксперименттік әуе кемелері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның есебінде тұрады.
6. Пилотсыз авиациялық жүйелер пайдалану мақсатында меншік құқықтарын иемденген кезден бастап Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында айқындалған тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда немесе Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органда есепке алуға немесе тіркелуге жатады.
Есепке алуға немесе тіркелуге жататын пилотсыз авиациялық жүйелердің санаттары Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында немесе Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында айқындалады.
Пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану мақсатында иемденетін тұлғалар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға есепке қою немесе тіркеу туралы өтінішпен жүгінеді.
7. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген азаматтық әуе кемелері туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының пилотсыз авиациялық жүйелері тізілімінде тіркелген немесе есепте тұрған пилотсыз авиациялық жүйелер туралы мәліметтер мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға және авиация қызметіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы экономикасының, жеке және заңды тұлғалардың авиациялық қызмет көрсетуге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әуе кеңістігі мен авиация қызметін пайдалану тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы