Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 453-бап. Кеден органдарының тауарларды және оларға арналған құжаттарды кідіртуі және сақтауы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

453-бап. Кеден органдарының тауарларды және оларға арналған құжаттарды кідіртуі және сақтауы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

453-бап. Кеден органдарының тауарларды және оларға арналған құжаттарды кідіртуі және сақтауы Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі    

      1. Әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар нысанасы болып табылмайтын не сондай нысанасы болып табылатын, бірақ қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарларды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алынбаған не тыйым салынбаған тауарларды және оларға арналған құжаттарды кеден органдары осы Кодекстің 18-1-бабының 6-тармағында, 32-бабының 4 және 5-тармақтарында, 154-бабының 11-тармағында, 164-бабының 5-тармағында, 172-бабының 3-тармағында, 184-бабының 3-тармағында, 213-бабының 5-тармағында, 219-бабының 5-тармағында, 232-бабының 6-тармағында, 241-бабының 5 және 6-тармақтарында, 285-бабының 11-тармағында, 287-бабының 3 және 4-тармақтарында, 296-бабының 3-тармағында, 321-бабының 4-тармағында, 327-бабының 6-тармағында, 341-бабының 5-тармағында, 342-бабының 6-тармағында, 347-бабының 5 және 12-тармақтарында, 369-бабының 7-тармағында және 471-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда кідіртеді. 

      2. Тауарларды және оларға арналған құжаттарды кідірту тауарларды және оларға арналған құжаттарды кідірту туралы хаттаманы жасау арқылы ресімделеді, оның нысанын Комиссия айқындайды. 

      3. Кідіртілген тауарларды және оларға арналған құжаттарды кеден органдары осы Кодексте белгіленген мерзім ішінде алып қояды және сақтайды.  

      Кідіртілген тауарлар кеден органы айқындайтын және осындай тауарларды сақтау үшін жабдықталған уақытша сақтау қоймаларында немесе өзге орындарда сақтау үшін орналастырылады. 

      4. Кеден органдары тауарларды кідірткен кезде осы баптың 3-тармағына сәйкес кідіртілген тауарларды сақтау бойынша шығыстарды іс жүзінде тауарлар қайтарылатын осы Кодекстің 456-бабында көрсетілген тұлғалар өтейді. Осы Кодекстің 454-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мерзімдерде мұндай тұлғалар талап етпеген кідіртілген тауарларды сақтау бойынша шығыстар осы Кодекстің 457-бабы 1-тармағының ережелері ескеріле отырып, көрсетілген тауарларды өткізуден алынған сома есебінен өтеледі. 

      5. Кідіртілген тауарларды сақтау бойынша шығыстарды өтеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 

 

Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы