455-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Мыналар:
1) сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2) сенім білдірілген өкілдің сенім білдіруші үшін сатып алынған тауарларды сенім білдірушіге беруі;
3) сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің атынан және есебінен үшінші тұлғамен жасасқан мәміле бойынша осындай үшінші тұлғаның сенім білдіруші үшін жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі сенім білдірілген өкілдің өткізу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесі:
1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметті құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асырмайтын бейрезидент-сенiм бiлдiрушiден алынған тауарларды өткізуге қатысты қолданылмайды. Бұл жағдайда тауарды тиеп-жөнелту сенiм бiлдiрiлген өкілдің өткiзу бойынша айналымы болып табылады;
2) осы Кодекстiң 507-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда оператордың тауарларды өткізуіне, жұмыстарды орындауына, қызметтерді көрсетуіне, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуына қатысты қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
455-бап. Комиссия (тапсырма) шарттары бойынша тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Ескерту. 455-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Комиссионер (сенім білдірілген өкіл) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына комиссия (тапсырма) шарттары негізінде әкелген кезде импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын есептеу және бюджетке аудару жөніндегі міндет комиссионерге (сенім білдірілген өкілге) жүктеледі.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген қосылған құн салығының сомасы осындай тауарларды сатып алушы комиссионер (сенім білдірілген өкіл) сатып алушының атына жазып берген шот-фактураның, сондай-ақ осы Кодекстің 456-бабының 7-тармағында көзделген, салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш көшірмесінің негізінде есепке жатқызылуға тиіс.
2. Комиссионердің өз атынан және комитент есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуі комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
3. Сенім білдірілген өкілдің сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы немесе қызметтер көрсетуі сенім білдірілген өкілдің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
4. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық төлеушісі-комитент (сенім білдіруші) пен Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізетін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі-комиссионер (сенім білдірілген өкіл) арасында жасалған комиссия (тапсырма) шарттары бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлар бойынша шот-фактураларды жазып беруді комиссионер (сенім білдірілген өкіл) жүзеге асырады. Бұл ретте шот-фактура өнім берушінің "комиссионер" ("сенім білдірілген өкіл") деген мәртебесін көрсете отырып жазып беріледі.
Комиссионер (сенім білдірілген өкіл) сатып алушыға жазып беретін шот-фактурада осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағының 1) – 7) тармақшаларында белгіленген деректемелер, тауарлардың қосылған құн салығын есепке алмағандағы құны, сондай-ақ шот-фактураға қоса берілетін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нөмірі мен күні көрсетілуге тиіс.
Импортталатын тауарлар бойынша комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада жеке жолмен бөліп көрсетіледі.
Мұндай шот-фактураға комиссионерден (сенім білдірілген өкілден) алынған, тауарларды импорттаған кезде комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген қосылған құн салығын есепке жатқызу үшін негіз болып табылатын тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың импорты кезінде комиссионер (сенім білдірілген өкіл) төлеген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын комиссионер (сенім білдірілген өкіл) есепке жатқызбайды.
5. Импортталған тауарларды комиссионер (сенім білдірілген өкіл) есепке қабылдаған күн комиссия (тапсырма) шарттары негізінде тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде салық салынатын импорттың жасалған күні болып табылады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін комитент (сенім білдіруші) комиссионердің (сенім білдірілген өкілдің) атына жасаған тауарлардың берілгенін растайтын бастапқы құжаттың күні есепке қабылдаған күн болып табылады.
6. Комиссия (тапсырма) шартының талаптарына сәйкес келетін жағдайларда тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде комиссионердің (сенім білдірілген өкілдің) салық салынатын айналымының мөлшері комиссия (тапсырма) шарты бойынша сыйақы негізінде айқындалады.
Ескерту. 455-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы