Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 46-1-бап. Қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау тәртібі мен негіздері Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

46-1-бап. Қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау тәртібі мен негіздері Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 46-1-бап. Қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау тәртібі мен негіздері Құқық қорғау қызметі туралы Заңы 

     1. Құқық қорғау қызметін одан әрі өткеру туралы мәселені шешу үшін қызметкерлер осы бапта көзделген тәртіппен және негіздерде атқарып жүрген лауазымынан босатыла отырып, құқық қорғау органының қарамағына қабылдануы мүмкін.

      2. Мыналар:

      1) қызметкердің өз қалауы бойынша атқарып жүрген лауазымынан босату және құқық қорғау органының қарамағында қалдыру туралы баянатпен өтініш жасауы;

      2) қызметкерді осы Заңның 56-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген тәртіптік жаза тәртібімен немесе аттестаттау нәтижелері бойынша атқарып жүрген лауазымынан босату;

      3) ұйымдық-штаттық іс-шаралар жүргізу;

      4) басқа мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапармен бару мерзімінің аяқталуы;

      5) мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде, сондай-ақ Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура (PhD, бейіні бойынша доктор) бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында оқу мерзімінің аяқталуы;

      6) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы;

      7) негізгі қызметкердің қызметке шығуына байланысты қызметкерді атқарып отырған уақытша бос лауазымнан босату;

      8) осы Заңның 31-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда ұсынылған лауазымнан бас тарту қызметкерді құқық қорғау органының қарамағына қабылдау негіздері болып табылады.

      3. Қызметкерді атқарып жүрген лауазымынан босату және құқық қорғау органының қарамағына қабылдау құқық қорғау органы басшысының не уәкілетті басшының бұйрығы негізінде күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.

      Ерекше мән-жайлардан туындайтын айрықша жағдайларда бұл мерзiмді құқық қорғау органының басшысы екi айға дейiн ұзартуы мүмкiн.

      Құқық қорғау органының қарамағына қабылданған қызметкердің соңғы лауазымы бойынша ақшалай қаражаты сақталады.

      Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың осы Заңда белгiленген демалыстарда, денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде (оның ішінде әскери-дәрігерлік комиссияның жолдамасы бойынша тексерілуде) болу кезеңі, бұрынғы қызмет атқарған жерiнен тиiстi құқық қорғау органы тұрған жерге дейiн жол жүру уақыты; қашықтан оқыту бойынша білім алатын адамдар үшін – бiлiм беру ұйымдарының оқу-емтихан сессияларында болу уақыты; қылмыстық iс ақтау негiздерi бойынша тоқтатылған немесе ақтау үкiмi шығарылған жағдайларда, қамаққа алынған күнiнен бастап және босатылған күнiн қоса алғанда, қылмыстық жауаптылыққа тартылуына байланысты күзетпен ұстау уақыты құқық қорғау органының қарамағында болу мерзiмiне есептелмейдi.

      4. Қызметтік қажеттілік болған жағдайда құқық қорғау органының басшысы не уәкілетті басшы құқық қорғау органының қарамағындағы қызметкерге құқық қорғау органының құрылымдық бөлімшесінің басшысын бекітіп бере отырып, оған құқық қорғау органының алдына қойылған міндеттер мен функцияларды орындау бойынша қызметтік міндеттерді жүктеуге құқылы.

      Құқық қорғау органының қарамағындағы қызметкерге бекітіліп берілген құрылымдық бөлімшенің басшысы одан уақытша қызметтік міндеттер шеңберінде тапсырмаларды тиісінше орындауды, құқық қорғау органының белгіленген күн тәртібін толық көлемде сақтауды талап етеді.

      Құқық қорғау органы құрылымдық бөлімшесінің басшысы қарамағына қабылдаған қызметкердің қызметтік және еңбек тәртібін сақтауы үшін жауапты болады.

      4-1. Құқық қорғау органының қарамағына қабылданған қызметкерге көтермелеу шаралары қолданылады және оған осы Заңда көзделген тәртіппен және жағдайларда тәртіптік жазалар қолданылады.

      5. Қызметкердiң құқық қорғау органының қарамағында болу уақыты құқық қорғау қызметiндегi өтiлiне, арнаулы атақ немесе сыныптық шен беру үшiн еңбек сiңiрген жылдарына есептеледi.

      6. Атқаратын лауазымдарынан босатылған және құқық қорғау органының қарамағында тұрған, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын пайдаланбаған қызметкерлерге, оларды қызметте одан әрi пайдалану туралы мәселенiң шешілуі кешiктiрiлген жағдайларда, пайдаланылмаған демалысы берiледi. Оларға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақыты үшiн ақшалай қаражат, құқық қорғау органының қарамағында болу мерзiмiне қарамастан, оның қарамағына қабылданған күнге негiзгi лауазымы бойынша алатын мөлшерде төленедi.

      7. Құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы осы баптың талаптарын сақтай отырып, құқық қорғау органының қарамағында тұрған қызметкерге жазбаша нысанда лауазым ұсынуға міндетті.

      Құқық қорғау органының қарамағында тұрған қызметкердi лауазымға тағайындау кезiнде оның бiлiктiлiгi, арнаулы атағы, сыныптық шені, еңбек сiңiрген жылдары, жұмыс өтiлi, бұрынғы лауазымы ескерiлуге тиiс.

      Қызметкер құқық қорғау органының қарамағына осы баптың 2-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қабылданған жағдайда, қызметкердің кәсіптік қасиеттері ескеріле отырып және осы лауазым үшін көзделген біліктілік талаптарына сай келген жағдайда лауазым ұсынылады.

      Қызметкер құқық қорғау органының қарамағына осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша қабылданған жағдайда, ұсынылып отырған лауазым төмен тұрған болуға тиіс.

      Қызметкер құқық қорғау органының қарамағына осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіз бойынша қабылданған жағдайда, лауазымға тағайындау әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес қызметкердің келісуімен жүргізіледі.

      8. Қызметкер ұсынылған лауазыммен келіспейтінін жазбаша баяндаудан бас тартқан кезде құқық қорғау органының кадр қызметі акт ресімдейді, ол қызметкердің жеке ісіне қоса тіркеледі.

      Қызметкер ұсынылатын лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда ол қызметтен босатылуға жатады.

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы