Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 46-2-бап. Қызметті бағалау Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

46-2-бап. Қызметті бағалау Құқық қорғау қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

46-2-бап. Қызметті бағалау Құқық қорғау қызметі туралы Заңы - ҚР Заңымен алынып тасталды. 

      1. Қызметкерлер жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін олардың қызметіне бағалау жүргізіледі. 

      2. Қызметті бағалау жыл сайын күнтізбелік жыл аяқталған соң жүргізіледі. 

      3. Қызметкердің қызметін бағалауды тікелей басшысы жүргізеді. 

      Тікелей басшы лауазымында алты айдан аз уақыт болған жағдайда бағалауды жоғары тұрған басшы жүргізеді. 

      4. Қызметті бағалау: 

      1) сынақ мерзімі кезеңінде жүрген адамға; 

       2) осы Заңның 44-бабына сәйкес қызметін құқық қорғау органының лауазымдарында өткермейтін қызметкерлерге; 

      3) егер жаңа лауазымға тағайындалуы лауазымдық міндеттерінің өзгеруіне алып келсе, атқарып отырған лауазымында алты айдан аз болған қызметкерлерге; 

      4) құқық қорғау органдарында кемінде жиырма жыл қызмет өтілі бар қызметкерлерге қатысты жүргізілмейді. 

      Құқық қорғау органы басшысының және оның орынбасарларының қызметін бағалауды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын уәкілетті адам (орган) жүргізеді. 

      5. Қызметкердің қызметін бағалау қызметкердің лауазымдық міндеттеріне сәйкес қызметтік мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуін бағалаудан құралады. 

      6. Қызметкерлердің қызметін бағалау нәтижелері мынадай: "тиімділігі жоғары", "тиімді", "тиімділігі төмен" және "тиімсіз" мәндері бар шәкіл бойынша қойылады. 

      7. Қызметті бағалау нәтижелері құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітілетін нысан бойынша бағалау парағына енгізіледі. 

       Бағалау парағы лауазымдық міндеттер ескеріле отырып қалыптастырылған және нақты учаскедегі (қызмет бағытындағы) жұмыстың тиімділігін көрсететін іс-шаралар атауын қамтиды.  

      Басшыны бағалаған кезде оған бағынысты қызметкерлердің қызметін бағалау нәтижелерінің орташа көрсеткіші ескеріледі. 

       8. Бағалау жүргізген адам қызметін бағалау нәтижелерінің мәні "тиімділігі төмен" және "тиімсіз" болған қызметкерлерге қатысты кәсіби дамудың жеке жоспарын жасайды.  

      Қызметкердің кәсіби дамуының жеке жоспары қызметкердің тиімділігін арттыруға және белгілі бір уақыт кезеңіне (қызметті келесі бағалауға дейін) оның кәсіби және жеке басының өсуіне бағытталған басым бағыттар мен ұсынымдарды айқындайды. 

       9. Қызметкердің қызметін бағалаудың нәтижелері:  

      1) қызметкер "тиімсіз" деген баға алған; 

      2) қызметкер екі жыл қатарынан "тиімділігі төмен" деген баға алған жағдайларда аттестаттау жүргізуге негіз болып табылады. 

      Мұндай қызметкерлерді аттестаттау қызметіне бағалау жүргізілген күннен бастап алты ай ішінде өткізіледі. 

      Бұл ретте аттестаттауды өткізу мерзімі қызметті бағалау нәтижелеріне шағым жасау кезеңіне тоқтатыла тұрады. 

       10. Бағалау жүргізген адам бағалау жүргізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қызметкерді бағалау нәтижелерімен, сондай-ақ кәсіби дамудың жеке жоспарымен жазбаша таныстырады.  

      11. Қызметкер бағалау нәтижелеріне танысқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасауға құқылы. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы