Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 46-8-бап. Арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында, гауптвахталарда ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдардың, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттері Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

46-8-бап. Арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында, гауптвахталарда ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдардың, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттері Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

46-8-бап. Арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында, гауптвахталарда ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдардың, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттері Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы Заң 

     1. Арнаулы қабылдау орындарында, қабылдау-бөлу орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдардың, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың:

      1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, арнаулы қабылдау орнында, қабылдау-бөлу орнында, уақытша ұстау изоляторында ұстау режимі, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат алуға;

      2) арнаулы қабылдау орнында, қабылдау-бөлу орнында, уақытша ұстау изоляторында болу кезеңінде жеке басының қауіпсіздігіне;

      3) арнаулы қабылдау орнындағы Ішкі тәртіп қағидаларында бекітілетін нормалар бойынша материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық көрсетілетін қызметтер алуға;

      4) хаттар, сауқаттар, бандерольдер мен сәлемдемелер алуға;

      5) түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға;

      6) күніне кемінде екі сағат күн сайын серуендеуге;

      7) арнаулы қабылдау орнында, қабылдау-бөлу орнында, уақытша ұстау изоляторында Ішкі тәртіп қағидаларын және басқа да адамдардың құқықтарын сақтаған жағдайда – діни жораларды орындауға;

      8) арнаулы қабылдау орнының, қабылдау-бөлу орнының, уақытша ұстау изоляторының әкімшілігіне, прокуратура органдарына, сотқа өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мәселелері бойынша өтініш жасауға құқығы бар.

      2. Арнаулы қабылдау орындарына, қабылдау-бөлу орындарына, уақытша ұстау изоляторларына орналастырылған әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арнаулы қабылдау орнындағы, қабылдау-бөлу орнындағы, уақытша ұстау изоляторындағы Ішкі тәртіп қағидаларын орындауға міндетті.

      3. Әкімшілік қамаққа алынған және қамаққа алуға сотталған, гауптвахталарда ұсталатын әскери қызметшілерге әскери қызметшілердің гауптвахтада әкімшілік қамақты өтеу тәртібіне сәйкес осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І Заңы. 

      Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейд 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы