47-3-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы
1. Мынадай:
1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар;
2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген немесе айыпталған;
3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;
4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау органдары қызметкерлері;
5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұратын адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
2. Қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік немесе әскери қызметтен, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы.
Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы