470-бап. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тауарлар тізбесі бойынша арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізуге қосылған құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады.
Бұл ретте салық төлеушінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар бойынша осы Кодекстің 503-бабына сәйкес қосылған құн салығының мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.
Осы баптың мақсаттары үшін еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) және кедендік бақылаудағы тауарлар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар деп түсініледі.
2. Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылатын тауарларды өткізу кезінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен немесе инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлғамен тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт);
2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса беріле отырып, тауарларға арналған декларацияның және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.
3. Салық органдары ақпараттық байланыс арналары арқылы кеден органдарынан алған электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация да нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тауарларға арналған декларацияның көшірмесін ұсыну талап етілмейді.
4. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының асып кетуін қайтару арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі.
5. Осы бапқа сәйкес қайтаруға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау кезінде арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың іс жүзінде тұтынылғанын растайтын, арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға ұсынған деректер негізінде қалыптастырылатын кеден органының мәліметтері есепке алынады.
Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы немесе инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген шарттарды орындамаған жағдайда еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар салық салынатын импорт деп танылады және ЕАЭО-ның кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазыла отырып, арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарлар әкелінген күннен бастап оларға қосылған құн салығы салуға жатады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
470-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды көтерме және бөлшек саудада өткiзуге жатқызу өлшемшарттары Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
Ескерту. 470-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
1. Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) , дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды қабылдауға және оларды одан әрi өткiзу үшiн, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша:
1) бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды өндiрушi;
2) өзіне меншік құқығында тиесілі алыс-беріс шикізатын оларды одан әрі өткізу мақсатында қайта өңдеу нәтижесінде бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және (немесе) экологиялық отынды алған мұнай беруші;
3) осы Кодекстің 88-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған және Қазақстан Республикасының аумағына меншікті бензинін (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және (немесе) экологиялық отынды одан әрi өткiзу мақсатында әкелуді жүзеге асырған салық төлеушi өнім берушілер болып табылады деген шартпен пайдалануға міндеттенсе, аталған акцизделетiн тауарларды өткiзу көтерме саудада өткiзу саласына жатқызылады.
Көтерме саудада өткізу саласына бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды одан әрі өткізу үшін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне тиеп-жөнелту де жатады.
2. Бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткiзу саласына осы баптың 1-тармағында көрсетілген өнім берушілер жүзеге асыратын мынадай операциялар жатады:
1) мұнай өнімдерін өндірушінің алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан дайындалған бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды тұлғаларға олардың өндiрiстiк мұқтаждары үшiн өткiзуі, сондай-ақ беруі;
2) бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды жеке тұлғаларға өткiзу;
3) өндiрiлген немесе одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану.
Ескерту. 470-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 135-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы