48-бап. Арнаулы су пайдалану құқығын шектеу Қазақстан Республикасының Су кодексі
1. Арнаулы су пайдалану құқығы мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғанысын, халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны, тарихи-мәдени мұраны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ су аз болған жылдары және (немесе) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен уақытша шектелуі мүмкін.
Арнаулы су пайдалану құқығын шектеу халықты ауызсумен қамтамасыз ету жағдайларын нашарлатпауға тиіс.
2. Арнаулы су пайдалану құқығын шектеу арнаулы су пайдалану құқығын жүзеге асыруға тыйым салу (тоқтата тұру) немесе су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерін азайту түрінде жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Арнаулы су пайдалануды жүзеге асыруға тыйым салу (тоқтата тұру) арнаулы су пайдалану құқығын беруге өтініштерді қабылдауды тоқтата тұрудан және (немесе) шектеу енгізу кезінде қаралып жатқан өтініштер бойынша осы құқықты беруден бас тартудан және берілген рұқсаттардың қолданысын уақытша тоқтата тұрудан тұрады.
4. Арнаулы су пайдалануды жүзеге асыруға тыйым салу (тоқтата тұру) енгізілетін құқықтық шектеу шаралары мен олардың кеңістіктегі және уақыттағы әрекетін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша енгізіледі.
5. Бассейндік су инспекциялары су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерін азайтуды осы Кодекстің 40-бабының 5-тармағына сәйкес су пайдаланудың жедел лимиттері түзетілгеннен кейін қолданыстағы рұқсаттар бойынша жүзеге асырады.
6. Арнаулы су пайдалану құқығын шектеуді бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су кодексі қабыдануымен.
48-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi мен түрлерi Қазақстан Республикасының Су Кодексі
1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi:
шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен сулардың жай-күйi мен өзгеруiн қадағалау;
су қорғау iс-шараларының орындалуын тексеру болып табылады.
2. Қазақстан Республикасында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.
3. Уәкілетті орган ведомствосының және бассейндік инспекциялардың мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi басты мiндеттерi:
1) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын барлық министрлiктермен, агенттiктермен, ведомстволармен өзара iс-қимыл жасауды және қызметiн үйлестiрудi;
2) шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен судың жай-күйiн және өзгеруiн қадағалауды, сондай-ақ су қорғау iс-шараларының орындалуын тексерудi;
3) су қорын пайдалану мен оны есепке алудың белгiленген тәртiбiн;
4) суларды қорғау жөнiндегi мiндеттердiң орындалуын;
5) су объектiлерiне зиянды әсер етудiң алдын алуды және жоюды;
6) барлық жеке және заңды тұлғалардың, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік критерийлерін сақтауын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
5. Осы Кодексте реттелмеген бөлігінде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды қоғамдық бақылау субъектілері "Қоғамдық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.
Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы