Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 48-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

48-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

48-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары бақылау және қадағалау субъектісі ұсынған есептілікті зерделеу және талдау, салынып жатқан (салынуы белгіленген) құрылыс объектілеріне жүргізілетін мониторинг, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық жүйелерден және цифрлық ресурстардан алынған бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы мәліметтер негізінде жүзеге асырады. 

      2. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жүргізіледі. 

      3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және алдын алу болып табылады. 

      4. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды ресімделеді. 

      Бұл ретте анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындының талаптарын орындау мерзімі ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды. 

      Анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындының нысанын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. 

      5. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды бақылау және қадағалау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мынадай тәсілдердің бірімен: 

      1) табыс етілгені туралы белгілей отырып, бақылау субъектісінің (объектісінің) өкіліне және (немесе) лауазымды адамына қолма-қол; 

      2) табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы; 

      3) "цифрлық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне электрондық тәсілмен; 

      4) егер бақылау және қадағалау субъектісі электрондық пошта мекенжайын бұрын астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына ұсынған болса, осы субъектінің сол мекенжайына не тіркеп-белгілеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы жіберіледі. 

      6. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды тиісінше жою қорытындының орындалуы деп танылады. 

      7. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтарды орындау мерзімдері бақылау және қадағалау субъектісінің өтініші бойынша бір айға дейінгі мерзімге, бірақ бір реттен асырмай ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте өтініш анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды табыс етілген (алынған) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, осы баптың 5-тармағында белгіленген тәсілдердің бірімен берілуге тиіс. 

      Бұл ретте анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтарды орындау анықталған бұзушылықтардың түрі мен сипатына қарай орындалуы мүмкін болуға және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес негізделген болуға тиіс. 

      Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мерзімдерді ұзарту немесе уәжді негіздемесі бар ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. 

      8. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда белгіленген мерзім ішінде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат беруге міндетті. 

      Тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынылған ақпаратқа (қажет болған кезде) бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді. 

      9. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтардың болуы немесе белгіленген мерзімде олардың жойылмауы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеуге негіз болып табылады. 

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған цифрлық жүйеде қалыптастырылады және есепке алынуға жатады. 

      10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Кодекске сәйкес жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін. 

      11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен сиретпей жүзеге асырылады. 

      12. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік құрылыс инспекторларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы