Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 48-бап. Жолданымды конституциялық iс жүргiзуге қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы

48-бап. Жолданымды конституциялық iс жүргiзуге қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

48-бап. Жолданымды конституциялық iс жүргiзуге қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту. Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы 

      1. Конституциялық Соттың Төрағасы тіркелген жолданымды алдын ала зерделеу үшін бір немесе бірнеше судьяға береді, оның нәтижелері Конституциялық Соттың отырысында баяндалады.

      Жолданымды конституциялық іс жүргізуге қабылдау туралы мәселе жөніндегі шешім Конституциялық Соттың отырысында қабылданады.

      2. Жолданым конституциялық іс жүргізуге қабылданған жағдайда, құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесінде заңның немесе өзге де нормативтік құқықтық актінің не олардың жекелеген ережелерінің конституциялылығын тексеру жөнінде басталған іс жүргізу туралы тиісті белгі жасалады.

      3. Егер:

      1) жолданым осы Конституциялық заңда белгіленген жолданым нысаны мен мазмұнына, оларға жол берілу шарттарына сәйкес келмесе немесе тиісті субъектіден туындамаса;

      2) жолданымның нысанасы Конституциялық Соттың құзыретіне кірмесе;

      3) жолданымда көрсетілген мәселенің конституциялылығын осыған дейін Конституциялық Сот тексеріп қойған болса және кейіннен шешім қабылдауға негіз болған Қазақстан Республикасы Конституциясының немесе өзге де құқықтық актілердің нормалары өзгертілмеген жағдайда, заңды күшін сақтайтын Конституциялық Соттың шешімі болса;

      4) жолданымда көрсетілген мәселе Қазақстан Республикасының Конституциясында шешімін таппаса;

      5) тиісті құқықтық қатынастарға қолданылуы жалғастырылатын жағдайларды қоспағанда, конституциялылығына дау айтылып жатқан акт тоқтатылса немесе күші жойылса, жолданымды конституциялық іс жүргізуге қабылдаудан бас тартылады.

      4. Конституциялық Сот қабылдаған шешім туралы конституциялық іс жүргізуге қатысушылар бес жұмыс күнінен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Конституциялық Сот жолданымның іс жүргізуге қабылданғаны туралы уәкілетті органдар мен тұлғаларды хабардар етеді, олар, егер тексерілетін нормативтік құқықтық актінің, оның негізінде қабылданған құқықтық актілердің қолданылуы немесе орындалуы адамның құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтірудің мүмкін болмауына немесе Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптарға алып келуі ықтимал болса, Конституциялық Сот қорытынды шешім қабылдағанға дейін олардың қолданылуын, орындалуын тоқтата тұру туралы мәселені қарауға тиіс. 

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 153-VII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы