Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 484-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету Қазақстан Республикасының Салық кодексі

484-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

  484-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Осы бапта және осы Кодекстің 485-бабында белгіленген жағдайларда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту немесе азайту есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету болып табылады. 

     2. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту бұрын қосылған құн салығы есепке жатқызылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мынадай жағдайларда: 

     1) салық салынбайтын айналымның мақсатында пайдаланылғандарды қоспағанда, айналымның болуына байланысты салық төлеуші осы Кодекстің 487 және 488-баптарына сәйкес пропорционалды әдісті қолданған, салық салынатын айналым мақсаттарына сәйкес пайдаланылмаған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша; 

     2) өздері бүлінген, жоғалған жағдайдағы (төтенше ахуал салдарынан және (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда) тауарлар бойынша жүргізіледі. Бұл ретте тауардың бүлінуі тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің) нашарлауын білдіреді, соның салдарынан аталған тауар салық салынатын айналымның мақсаттары үшін пайдаланылмайды. Салдарынан тауардың жойылуы немесе ысырабы орын алған оқиға тауардың шығыны деп түсініледі. Салық төлеуші табиғи кемудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалары шегінде шеккен тауарлардың ысырабы шығын болып табылмайды. 

     Төтенше ахуал салдарынан туындаған жағдайларда тауарлар бүлінген, жоғалған кезде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның: 

     Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген, тауардың бүліну, жоғалу фактілерін растайтын құжат; 

     осы Кодекстің 205-бабының 7-тармағына сәйкес жасалған салықтық тіркелімде көрсетілген мәліметтер бар тауарлар бойынша төтенше ахуалдың туындау фактісі туралы растауы болған кезде, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту жүргізілмейді. 

     Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған жағдайларда тауарлар бүлінген, жоғалған кезде қылмыстық қудалауды жүргізетін органның: 

     Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген тауардың бүліну, жоғалу фактілерін растайтын құжат; 

     осы Кодекстің 205-бабының 7-тармағына сәйкес жасалған салықтық тіркелімде көрсетілген мәліметтер бар тауарлар (салық төлеуші жергілікті атқарушы орган қалыптастыратын тізілімге енгізілген кезде көрсетілген жергілікті атқарушы орган құрған комиссияның шешімі бойынша, төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде келтірілген мүліктік зиянның өтеміне ақша алынған тауарларды қоспағанда) бойынша салық төлеушіні төтенше жағдайға байланысты қылмыстық істер бойынша жәбірленуші деп тану туралы қаулысының көшірмесі болған кезде, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын азайту жүргізілмейді; 

     3) табиғи монополия субъектісі шеккен нормативтен тыс ысыраптар бойынша; 

     4) жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүлік бойынша; 

     5) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне беретін пайдалы қазбалардың көлемдері бойынша; 

     6) осы Кодекстің 464-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде; 

     7) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылған ауыл шаруашылығы өнімі, балық өсіру немесе кәсіпшілік балық аулау өнімдері бойынша жүргізіледі. 

     3. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту осы Кодекстің 464-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде жүргізіледі. 

     Осы Кодекстің 464-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын ұлғайту немесе азайту салық салынатын айналым мөлшерін ұлғайту немесе азайту жағына қарай түзетуге байланысты, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші жазып берген қосымша шот-фактурада көрсетілген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде жүргізіледі. 

     4. Осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында және 3-тармағында белгіленген жағдайларда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осындай жағдайлар басталған салықтық кезеңде жүргізіледі. 

     Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында белгіленген жағдайда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осы Кодекстің 481-бабының 5-тармағында айқындалған салықтық кезеңде жүргізіледі. 

     5. Осы баптың 2-тармағының 1) – 5) тармақшаларында белгіленген жағдайларда, сатып алынған, салынған, жасалған тауарлар бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбай, сол күнге бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша тауарлардың баланстық құнына түзету жүзеге асырылатын күнге қолданыста болатын қосылған құн салығының мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерінде жүргізіледі. 

     Осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасында белгіленген жағдайда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылған ауыл шаруашылығы өнімі, балық өсіру немесе кәсіпшілік балық аулау өнімі бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының 80 пайызын азайту жолымен жүргізіледі. 

     6. Егер бөлінетін жер учаскесінің бір бөлігін иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын беру жөніндегі өткізу бойынша айналым жасалғанға дейін қосылған құн салығы есепке жатқызылған, осындай өткізу бойынша айналым осы Кодекстің 489-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын, осы Кодекстің 476-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған болып табылса, онда есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осындай жер учаскесіне тура келетін қосылған құн салығының сомасына жүргізіледі, ол мынадай формула бойынша айқындалады: 

     ҚҚСтүз = ҚҚСеж/ Sжер х Sжал, мұнда: 

     ҚҚСтүз – қосылған құн салығын түзету сомасы; 

     ҚҚСеж – бұрын есепке жатқызылатын деп танылған қосылған құн салығының сомасы; 

     Sжал – жер учаскесі бөлінгенге дейін оның жалпы алаңы; 

     Sжер – иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) билік ету құқығын беру бойынша айналымы осы Кодекстің 489-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын осы Кодекстің 476-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын жер учаскесінің алаңы. 

     7. Осы Кодекстің 453-бабы 1) және 6) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, осы Кодекстің 453-бабында көрсетілген жағдайларда, осы бапта көзделген түзету жүргізілмейді. 

     8. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы осы бапта көзделген түзету ескеріле отырып, теріс мәнге ие болуы мүмкін.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

484-бап. Салық салу объектісі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Төлеушілердің өздерін қоса алғанда, жұмыскерлердің саны жеке практикамен айналысатын адамдар және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер үшін салық салу объектісі болып табылады. 

      2. Мыналардың: 

      1) жұмыскердің осы Кодекстің 322-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістері (оның ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 20), 22), 23) және 24) тармақшаларында көрсетілген шығыстары) бойынша жұмыс берушінің; 

      2) осы Кодекстің 220-бабының 7-тармағында көрсетілген шетелдік персоналдың кірістері бойынша салық агентінің шығыстары осы Кодекстің 482-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.  

      3. Мыналар салық салу объектісінен алып тасталады: 

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары; 

      2) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар; 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!       3) тармақшаға енгізілген өзгеріс 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.  

       3) осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында белгіленген кірістерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлердiң кірістері бөлігінде осы Кодекстiң 341-бабы 1-тармағының 50) тармақшасында белгіленген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында белгіленген кірістер; 

      4) осы Кодекстің 654-бабының 10) тармақшасында белгіленген кірістер;  

      5) гранттар қаражаты есебінен жүргізілетін төлемдер. 

      Егер төлемдер грант алушымен не гранттың мақсаттарын (міндеттерін) жүзеге асыру үшін грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес жүргізілсе, осы тармақшаның ережелері қолданылады. 

      4. Егер осы баптың 2-тармағында көрсетілген, осы баптың 3-тармағы ескеріле отырып айқындалған салық салу объектісі күнтізбелік ай үшін бір теңгеден бастап республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осы күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшеріне дейінгі соманы құраса, онда салық салу объектісі айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері негізге алына отырып айқындалады. 

      Ескерту. 484-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.12.2020 № 382-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.12.2021 № 85-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы