Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 484-бап. Кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін сот актілері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

484-бап. Кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін сот актілері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

484-бап. Кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін сот актілері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Кассациялық сот бірінші сатыдағы соттар шығарған, заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға кассациялық шағымдар бойынша олар апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін, прокурордың наразылықтары бойынша, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы үкімдер мен қаулыларға өтінішхаттар мен наразылықтар бойынша істерді қарайды.

      2. Кассациялық тәртіпте қайта қарауға:

      Ескертпе!      ҚР Конституциялық Сотының 14.07.2023 № 21 нормативтік қаулысын қараңыз.

  1) сот бұйрықтық, келісімдік іс жүргізуде немесе осы Кодекстің 382-бабында көзделген тәртіппен қараған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша;

      2) сот талқылауы барысында шығарылған осы Кодекстің 10-бабының екінші бөлігінде көрсетілген, сондай-ақ процеске қатысушылардың дәлелдемелерін, өтінішхаттарын зерттеу тәртібі мен тәсіліне, сот отырысының залында тәртіп сақтауға қатысты, мемлекеттік және жекеше айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты мәселелер бойынша, үкімді орындауға байланысты мәселелер бойынша;

      Ескертпе!      ҚР Конституциялық Сотының 17.08.2023 № 25 нормативтік қаулысын қараңыз.

      3) тергеу судьясы шығарған сот актілері жатпайды.

 3. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшіне енген сот актілері оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталмаған жағдайда, сондай-ақ осы баптың екінші бөлігінің 1) тармағында көрсетілгендер осы Кодекстің 485-бабында көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының наразылығы бойынша кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.

      4. Кассациялық сатының қаулысы осы Кодекстің 485-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін. - ҚР Заңымен алынып тасталды. 

      Ескерту. 484-бап жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 378-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 107-бабы төртінші бөлігінің және 484-бабы екінші бөлігі 3) тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы

2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 107-бабы төртінші бөлігінің және 484-бабы екінші бөлігі 3) тармағының Қазақстан Республикасының Ко...

Толық оқу »

2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 484-бабы екінші бөлігі 1) тармағының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Қылмыстық істерді кассациялық тәртіппен қарауды регламенттейтін заңнаманы қолдану туралы" 2022 жылғы 10 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысының 2-тармағы үшінші абзацының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 21-НҚ нормативтік қаулысы

2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 484-бабы екінші бөлігі 1) тармағының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Қылмыстық істерд...

Толық оқу »