5-бап. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының үлестес тұлғалары Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Мыналарды:
банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаларды, сондай-ақ аталған туынды бағалы қағаздардың эмитенттерін;
осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар банктің үлестес тұлғалары болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметінде және (немесе) ұлттық басқарушы холдингте банктің ірі акционері мәртебесінің немесе белгілерінің болуы, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің лауазымды адамдарының банктің органдарына қатысуы:
Қазақстан Республикасы Үкіметін;
ұлттық басқарушы холдингтің және (немесе) оның лауазымды адамдарын көрсетілген банктің үлестес тұлғалары деп тануға негіз болып табылмайды.
3. Осы банктер акционерлерінің құрамында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтің болуы банктерді бір-біріне қатысты үлестес тұлғалар деп тануға негіз болып табылмайды.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының мақсаты үшін ескерілмейді.
5. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының үлестес тұлғалары деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес осылай деп танылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің үлестес тұлғалары танылады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі ұсынатын мәліметтер негізінде өзінің үлестес тұлғаларының есебін жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Банктер және банк қызметі туралы Заңы күші жойылды Жаңа қабылданған 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы Заңымен.
5-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, уәкiлеттi органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргiзуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды тұлға банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болып танылады.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық және өзге де есептілікті ұсынады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы