Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-бап. Салықтық берешекке байланысты ұғымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

5-бап. Салықтық берешекке байланысты ұғымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-бап. Салықтық берешекке байланысты ұғымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

      Салықтық берешекке байланысты ұғымдар: 

      1) бересі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген сомаларды қоспағанда, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердің есептелген және есепке жазылған, мерзімінде төленбеген сомалары; 

      2) өсімпұлдар – мерзімі өткен әрбір күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қолданыста болатын базалық мөлшерлемесіне еселенген мөлшерде есептелетін және мыналарға: 

      бюджетке төлеу күнін қоса алғанда, төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімінен кейінгі күннен бастап салықтың және бюджетке төленетін төлемнің, оның ішінде аванстық және (немесе) ағымдағы төлемнің салық төлеушінің (салық агентінің) мерзімінде төлемеген сомасына; 

      төленген және (немесе) артық төленген салықтың, бюджетке төленетін төлемнің сомасына және (немесе) қайтару күнін қоса алғанда, есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап салық төлеушінің салықтық өтініші бойынша есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу мерзімін салық органы бұзған қосылған құн салығының асып кеткен сомасына есепке жазылатын ақшалай сомалар. 

      Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің осы тармақшада көзделген еселенуі: 

      деңгейлес мониторингке қатысушы үшін – 0,65; 

      өзге салық төлеушілер (салық агенттері) үшін – 1,25 құрайды. 

       3) салықтық берешек – бересі сомасы, өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомалары.  

      Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыда көрсетілген айыппұлдар сомасы салықтық берешекке қосылмайды; 

       4) салықтық берешектің шекті мөлшері – уәкілетті орган айқындаған салықтық берешектің мөлшері, ол асып кеткен кезде салық органы салық төлеуші заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидентке, дара кәсіпкерге, жеке практикамен айналысатын адамға осы Кодекстің 86 және 87-баптарында және 185, 186, 187, 188 және 189-баптарында көзделген салықтық міндеттемені қамтамасыз ету тәсілін және (немесе) салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шарасын қолданады. 

      Салықтық берешектің шекті мөлшері салықтық міндеттемені қамтамасыз етудің әрбір тәсілі және (немесе) салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың әрбір шарасы үшін жеке-жеке тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 20 еселенген мөлшерінде айқындалады.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

5-бап. Салық салудың міндеттілігі қағидаты Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      Салық төлеуші – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімдерде салықтық міндеттемені орындауға, салық агенті салықтарды есептеуге, ұстап қалуға және аударуға міндетті. 

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы