Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-бап. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының Су кодексі

5-бап. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының Су кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-бап. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының Су кодексі 

      1. Қазақстан Республикасының су заңнамасы су қорын және ондағы су ресурстарын қорғау және пайдалану, су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану, дамыту және олардың қауіпсіздігі саласындағы қоғамдық қатынастарды (бұдан әрі – су қатынастары) реттейді.

      2. Жерлер, ормандар, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектілері, мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі жерүсті су объектілерінің жағалауындағы шаруашылық қызмет, экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауызсумен жабдықтау және су бұру, жерасты суларын мемлекеттік геологиялық зерттеу және барлау, жерасты суларын ластанудан және сарқылудан қорғау, су объектілеріндегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, кеме қатынасы және теңізде жүзу бөлігіндегі қоғамдық қатынастар, сондай-ақ су қорын қорғау және пайдалану кезінде туындайтын өзге де қатынастар Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті салаларымен және осы Кодекспен реттеледі.

      3. Трансшекаралық су объектілерін қорғауға және пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында реттеледі. 

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су кодексі қабыдануымен. 

5-бап. Су объектiлерi  Қазақстан Республикасының Су Кодексі 

      Қазақстан Республикасының су объектілеріне шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық беті рельефтеріндегі және жер қойнауындағы су шоғырланымдары жатады. Олар: теңіздер, өзендер, оларға теңестірілген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жерүсті және жерасты су объектілері болып табылады. 

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

 

   Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы