5-бап. Ұлттық біліктілік жүйесінің базалық құралдары Кәсіптік біліктілік туралы Заңы
1. Ұлттық біліктілік жүйесінің базалық құралдары кәсіптік біліктілікті қалыптастырудың негізін айқындайды.
2. Мыналар:
1) ұлттық біліктілік шеңбері;
2) салалық біліктілік шеңберлері;
3) кәсіптік стандарттар мен біліктілік талаптары;
4) кәсіптер тізілімі Ұлттық біліктілік жүйесінің базалық құралдары болып табылады.
3. Ұлттық біліктілік шеңбері әрбір біліктілік деңгейі үшін кәсіптік қызметтің жалпы сипаттамаларын және білім беру деңгейін сипаттаудан тұрады.
Уәкілетті орган білім, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеуді және (немесе) жаңартуды жүзеге асырады.
4. Салалық біліктілік шеңбері Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышының, ұлттық біліктілік шеңберінің негізінде әзірленеді және салада орындалатын жұмыстардың күрделілігіне және пайдаланылатын білімнің, машықтың және құзыреттің сипатына қарай деңгейлер бойынша маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды сыныптайды.
Салалық мемлекеттік органдар салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеуді және (немесе) жаңартып отыруды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.
Салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңартып отыру кезінде еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесі шеңберінде ағымдағы және алдағы кезеңдерде кәсіптердің өзектілігі, сондай-ақ кәсіптерге қажеттіліктің өңірлік карталары (бар болса) ескеріле отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігі есепке алынады.
Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер салалық біліктілік шеңберлерін бекітеді.
5. Салалық мемлекеттік органдар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышының, салалық біліктілік шеңберлерінің негізінде кәсіптік стандарттарды әзірлеуді және (немесе) жаңартуды жүзеге асырады.
Салалық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынымдық сипаттағы қорытындысын ескере отырып, кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекітуді жүзеге асырады.
Уәкілетті орган бекітілген кәсіптік стандарттардың тізбесін жүргізуді Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында жүзеге асырады.
Салалық мемлекеттік органдар кәсіптік стандарттардың әзірленуін қаржыландыруды уәкілетті орган айқындаған кәсіптік стандарттарды әзірлеу құнын есептеу әдістемесіне сәйкес Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің ұсынымдары негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Жұмыс берушілердің бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) салалық мемлекеттік органдармен келісу бойынша меншікті қаражаты есебінен кәсіптік стандарттың жобасын дайындап, салалық мемлекеттік органның қарауына жібере алады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары, сондай-ақ кәсіптік оқыту бағдарламалары оқыту нәтижелеріне бағдарлануға және Ұлттық біліктілік жүйесін кешенді дамыту шеңберінде тиісті кәсіптік стандарттардың талаптарын ескеруге тиіс.
6. Кәсіптік біліктілікті тану жүзеге асырылатын кәсіптер уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің ұсынымдары негізінде кәсіптер тізіліміне енгізіледі.
Уәкілетті орган Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында өзі айқындаған тәртіппен кәсіптер тізілімін қалыптастыруды, жаңартуды және жүргізуді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 4 шiлдедегi № 14-VIII ҚРЗ.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 334-VIII ҚРЗ.
Кәсіптік біліктілік туралы
Осы Заң Ұлттық біліктілік жүйесі шеңберінде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы