Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 50-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

50-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

50-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 

      1. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары – электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылым мен цифрлық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы. 

      2. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сәйкестігін растауға жатады. 

      3. Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру кезінде электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдаланатын бағдарламалық қамтылым мынадай талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс: 

      1) электрондық құжатқа қол қоятын адамға қол қойылғанға дейін оның мазмұнымен танысуға мүмкіндік беріледі; 

      2) электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау құжатқа қол қоятын адам оны жасау жөніндегі іс-қимылды анық растағаннан кейін ғана жүзеге асырылады; 

      3) электрондық құжатқа қол қойылғаннан кейін электрондық цифрлық қолтаңба жасау және оны қолдану туралы хабарлама қалыптастырылады; 

      4) белгілі бір уақытта электрондық цифрлық қолтаңбаның болуын растау үшін қажетті мәліметтердің болуы қамтамасыз етіледі; 

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық құжатқа қол қоятын адамға қол қойылған электрондық құжатты сақтау мүмкіндігі беріледі. 

      4. Электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру кезінде электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдаланатын бағдарламалық қамтылым: 

      1) электрондық құжаттың ішіндегісін шығарып алуды қамтамасыз етуге; 

      2) электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру нәтижелері туралы хабардар етуге; 

      3) электрондық құжатқа қол қою кезінде пайдаланылған жабық кілттің иегерін анықтауға мүмкіндік беретін электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті сертификатының деректерін көрсетуге тиіс. 

      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарының талаптары цифрлық жүйелердің электрондық цифрлық қолтаңбаларын жасау немесе тексеру үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба құралдарына қолданылмайды.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII ҚРЗ 

 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы