Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 50-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

50-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

50-бап. Жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы жергілікті атқарушы органы бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін қызметі, жұмысы, көрсететін қызметтері анықталған жағдайларда жедел ден қою шараларын қолданады. 

      2. Тексеру жүргізу, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау барысында және (немесе) олардың нәтижелері бойынша қолданылатын бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) ықпал ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады, олардың түрлері осы бапта көзделген. 

      Жедел ден қою шаралары бақылау және қадағалау субъектілері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген талаптарды бұзған жағдайда қолданылады. 

      3. Жедел ден қою шаралары мынадай түрлерді қамтиды: 

      1) құрылысты тоқтата тұру; 

      2) қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру; 

      3) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын және (немесе) мемлекеттік нормативтік құжаттарды бұза отырып жүзеге асырылатын құрылысқа немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салу; 

      4) рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру; 

      5) рұқсаттан және (немесе) рұқсатқа қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу). 

      4. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шарасын қолдану үшін негіз болып табылады. 

      5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес жол берілген мемлекеттік нормативтік құжаттарды бұзушылықтарды және (немесе) бекітілген құрылыс жобаларынан (жобалау шешімдерінен) ауытқуларды "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыруға арналған цифрлық жүйе арқылы анықтаған кезде жедел ден қою шараларын да қолданады. 

      6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік жергілікті атқарушы органы тексеруді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) олардың нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын, талаптарды бұзу фактісі анықталған кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны ресімдейді. 

      Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабына сәйкес ресімделеді және бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі. 

      Тексеру автоматтандырылған тізілім арқылы жүзеге асырылған жағдайда жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы осы автоматтандырылған тізілімде автоматты режимде ресімделеді. 

      7. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, онда тиісті жазба жасалады және жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны қабылдаудан бас тарту фактісін тіркеп-белгілейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы бақылау және қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, орналасқан жеріне немесе нақты мекенжайына оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі. 

      8. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды. 

      9. Тексеруді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) олардың нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптарды бұзушылықтар тексеру және (немесе) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актіде, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша қорытындыда көрсетіледі. 

      Тексеру автоматтандырылған тізілім арқылы жүзеге асырылған кезде тексеру нәтижелері туралы акт ресімделмейді. 

      10. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптардың анықталған бұзушылықтарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті. 

      11. Тексеруді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында және (немесе) олардың нәтижелері бойынша анықталған талаптарды бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптардың анықталған бұзушылықтарын жоюды бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. 

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінің 2-1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптардың анықталған бұзушылықтарын жоюды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы растаған жағдайда, жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының қолданысы тоқтатылады. 

      12. Жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын талаптардың анықталған бұзушылықтары жойылмаған жағдайда, жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады. 

      13. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыда көзделген мерзімдер өткенге дейін бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптардың анықталған бұзушылықтарының жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат берілген жағдайда, осы баптың 11-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. 

      14. Бақылау және қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген тексеру және (немесе) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады. 

      Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі. 

      Шағым беру жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұрмайды. 

      15. Мыналар жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулыны жарамсыз деп тану және оның күшін жою үшін негіздер болып табылады: 

      1) жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіздердің болмауы; 

      2) жедел ден қою шарасының осы шараға сай келмейтін негіз бойынша қолданылуы; 

      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы жергілікті атқарушы органының өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша жедел ден қою шараларын қолдануы; 

      4) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 153-бабында белгіленген жедел ден қою шараларын келісу және қабылдау тәртібінің сақталмауы. 

      16. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы