Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / 51-2-бап. Бағдарламалық қамтылымды өндірушілерді тізілімге енгізу және одан шығару тәртібі Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы

51-2-бап. Бағдарламалық қамтылымды өндірушілерді тізілімге енгізу және одан шығару тәртібі Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

51-2-бап. Бағдарламалық қамтылымды өндірушілерді тізілімге енгізу және одан шығару тәртібі Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімді бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтылым Қазақстанда шығарылған тауарларға теңестіріледі.

      2. Тізілімге енгізу үшін бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушіні растау тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      3. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын тізілімдегі бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілерге мониторинг жүргізеді және оның нәтижелері туралы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.

      4. Бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілерді тізілімге енгізуді және одан шығаруды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның хабарламасы негізінде өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      5. Бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндірушілер тізілімнен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде хабарламаға ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға шағым жасауға құқылы.

Осы Заң өнеркәсіптік саясаттың негіз қалаушы қағидаттарын белгілейді әрі өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы